Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БІЗДІ ТУРА ӨТКІЗУ ҮШІН АППАРАТТЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТАБАННЫҢ ТАЙҚУЫМЕН БОЛҒАН ТОБЫҚ СЫНЫҒЫН ЕМДЕУДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР

Өзектілігі: Тобық сынықтары аяқ жарақаты кезіндегі кең тараган жарақат түріне жатады.Табан тайқуымен журетін тобық сынықтары емі кезіндегі емнің қиыншылықтарын туғызады.Трансартикулярлы фиксация әдісі озінің карапайымдылығымен жане буынды тұрақты фиксациялауымен бағаланады. Бірақта трансартикулярлы бекіту кезінде бізді өткізгенде кездесетін асқыну түрлері бар. Құрылгының көмегімен бізді өткізгенде буынның тұракты фиксациясын жане кездесетин асқыну турлерін азайтады.

Зерттеу мақсаты: Табанның тайқуымен жүретін, тобықтың сынығы кезінде трансартикулярлы фиксация үшін бізді өткізу әдісін жетілдіру.

Материалдар мен әдістер: Тексерілген барлық науқастар саны 142, оның ішінде 87 ер адам (61,3%) және 55 әйел (38,7%), олардың жас аралықтары 19 дан 75 жасқа дейін (орташа жас 46,1±2,5 құрады). Негізгі топта 97 науқас болды, олардың емінде осы науқастарға құрастырылған құрылғы қолданылды. Салыстырмалы топта 45 адам (31,7%) болды, бұл науқастарға бізбен бекіту құрылғыны қолданусыз жүргізілді.

Асқынулардың жиілігі мен құрылымын, емдеу ұзақтығын және оның функционалдық нәтижелерін ескере отырып, екі топтағы пациенттерге ерте (стационарлық) және ұзағырақ (амбулаториялық) емдеу кезеңіне баға берілді. Статистикалық талдауда көрсеткіштердің жиілгін анықтауда Пирсон χ2 жане Фишер белгілеріі қолданылды (кез-келген топтан іріктелген кезде n<10 ). Уздіксіз талдаудағы көрсеткіштер (Стьюдент t критериі) жане парметірлік емес   (Манна-Уитни критериі) параметірлерді қолданумен жургізлді.

Зерттеу нәтижелері: негізгі топтағы асқынулардың саны салыстырмалы топқа қарағанда 5,5 есе төмен болды, ал салыстырмалы топтағы асқынлары болған адамдар саны 22 (48,9%), негізгі топта – 10 (10,3%), айырмашылық 4,7 құрады.

Негізгі топтағы стационарлық емнің ұзақтығы, салыстырмалы топқа қарағанда 2,8 тәулікке аз болды (19,4%, р=0,03), амбулаториялық емдеу 19,9 күн болды (15,4%, р=0,02). Негізгі топта айтарлықтай жоғары нәтижелер (45,6% -ға, р=0,02) болды. Салыстырмалы топта қанағаттанарлық нәтижелер 4,3 есе жиі кездеседі (p=0,03).

Қорытынды: Трансартикулярлы фиксацияны қолдануда тобық сынығының емінде құрылғы көмегімен бізді тура өткізу әдісі айрықша жақсы нәтиже көрсетті.

Көрген адамдардың саны: 596


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Серикбаев А.С., Дюсупов А.А., Дюсупова А.А., Козыкенов А.А., Кабдешов А.К., Сеиткабылов А.А. Клинические результаты лечения переломов лодыжек с вывихом стопы с использованием аппарата для точного проведения спиц / / Наука и Здравоохранение. 2018. 4 (Т.20). С. 61-72.

Serikbaev A.S., Dyussupov A.A., Dyussupovа A.A., Kozykenov A.A., Kabdeshov A.K., Seitkabylov A.A. Clinical results of treatment of ankles fractures with stop recognition with use of the apparatus for accurate spice. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 4, pp. 61-72.

Серикбаев А.С., Дюсупов А.А., Дюсупова А.А., Козыкенов А.А., Кабдешов А.К., Сеиткабылов А.А. Бізді тура өткізу үшін аппаратты қолдану арқылы табанның тайқуымен болған тобық сынығын емдеудегі клиникалық нәтижелер / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 4 (Т.20). Б. 61-72.


Авторизируйтесь для отправки комментариев