Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫМЕН ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ ОСТЕОПЕНИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ДАМУЫ ҮШІН ПРЕДИСПОЗИЦИЯ РЕТІНДЕ ДЕНЕНІҢ АРТЫҚ САЛМАҒЫ МЕН СЕМІЗДІГІ

Өзектілігі. Қазіргі уақытта кальций фосфатын тұндыру немесе тамырлардың атеросклерозы оның соңғы кезеңіндегі адсорбциясы қарапайым енжар процесс қана емес, сонымен қатар сүйектің минерализациясы кезіндегі ұқсас механизмдермен реттелетін жоғары ұйымдастырылған процесс.

Мақсаты:жүректің ишемиялық ауруымен және семіздікпен пациенттердегі сүйек тіндерінің құрылымдық - қызметтік жағдайы диагностикасын оңтайландыру, сол сияқты липидті алмасу көрсеткіштерімен көрсетілген параметрлерді мүмкіндігінше өзара байланыстыруды тұрақтандыру

Материалдары мен әдістері:2016 жылдан 2017 жылға дейін «№11 Харьков қалалық клиникалық аурухана» КУОЗ базасында өткізілген когортты проспективті зерттеу. ЖИА –мен 98 пациент тексерілді, олар дене салмағының индексіне байланысты 4 топқа бөлінген болатын. Бақылау тобында ұқсас жыныс пен жастағы дені сау 20 тұлға. Сүйек тіндерінің алмасуы жағдайын сүйек сілті фосфатазасының және қан сарысуы тартрат-резистентті сүйек фосфатазасының құрамы; тәуліктік несептегі жалпы оксипролиннің құрамы бойынша бағаланды. Ферменттер белсенділігі кинетикалық әдіспен зерделенді; оксипролин деңгейі - Б хлороминнің қышқылдануы кезінде. Липидті спектр көрсеткіштерін қарапайым тест-жүйелерді пайдаланумен спектрофотометриялық әдіспен бағалады. Статистикалық талдау «Statistica 10.0» және Exсel 2010 бағдарламалық пакет көмегімен өткізді. Белгілерді сандық бағалау үшін квартильді интервалмен [Q25%; Q75%] медиана (Ме) түрінде қалыпты бөлудің жоқтығын ескерумен нәтижелер ұсынылды. Сандық және реттік өзгерістерді Манна-Уитни критерилері көмегімен салыстырды. Корреляциялық байланыс Спирмен рангтік корреляциясы көмегімен есептелд. Статистикалық таолдаудың барлық процедураларында р маңыздылық деңгейі тең немесе аз 0,05 (р<0,05) қабылданды.

Зерттеу нәтижелері: КЩФ деңгейі, сүйек тіні ремодельдеу маркері ретінде, ЖИА және І-ІІ деңгейдегі семіздікпен пациенттерде статистикалық маңызды көтерілді, сонымен бірге осы көрсеткіштер референтті мәндер шегінен шықты. ТРКФ көрсеткіші пациенттердің барлық топтарында статистикалық маңызды ерекшеленді. Сондай-ақ ЖИА және семіздікпен тұлғалардағы ТРФК деңгейі бақылаумен салыстырғанда І-ІІ деңгейдегі семіздікпен пациенттерге қарағанда 2 ретке төмен болды. Сондай-ақ несептің жалпы оксипролин пациенттердің барлық топтарында статистикалық маңызды көтерілді, бірақ ол ЖИА және артық салмақпен тұлғаларда төмен болды және І-ІІ деңгейдегі семіздікпен пациенттерге қарағанда статистикалық маңызды ерекшеленді.

Қорытындылар: Сонымен, резорбция маркерлері мен сүйек тіні синтезі деңгейі ЖИА және артық салмақпен тұлғаларда төменірек және семіздіктің жоғары деңгейімен пациенттерде жоғарырақ болды.

Көрген адамдардың саны: 2703


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Иванова Е.В., Пасиешвили Л.М. Избыточная масса тела и ожирение как предиспозиция для развития остеопенических состояний у пациентов с ишемической болезнью сердца / / Наука и Здравоохранение. 2018. 4 (Т.20). С. 50-60.

Ivanova Ye.V., Pasiyeshvili L.M. Overweight and obesity as a predisposition for osteopenic condition development in a patient with coronary artery disease. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 4, pp. 50-60.

Иванова Е.В., Пасиешвили Л.М. Избыточная масса тела и ожирение как предиспозиция для развития остеопенических состояний у пациентов с ишемической болезнью сердца / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 4 (Т.20). Б. 50-60.


Авторизируйтесь для отправки комментариев