ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ГИПЕРТЕНЗИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЕМДЕУГЕ БЕЙІМДІЛІГІНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУДІҢ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе: салауатты өмір салты мен мінез-құлықты насихаттауға бағытталған медициналық консультация беру артериялық гипертонияның (АГ) даму қауіптерін едәуір төмендетіп, сондай-ақ оның жетекші себептерін жоя алады. Емдеуге бейімділік терапиялық оқытуды жүргізу кезінде айтарлықтай артады.
Мақсаты: артериялық гипертониясы бар пациенттерге медициналық және психологиялық консультация берудің және оқытудың тиімділігін бағалау.
Материалдар мен әдістер: 2015-2017 жылдардың ішінде АГ-ға шалдыққан науқастарға арналған денсаулық мектебін ұйымдастыру аясында РМЭ ҒЗИ-дың оңалту орталығы базасында терапиялық оқыту бойынша 24 дәріс циклы өткізілді. Зерттеу 403 пациентті қамтыды. 3 ай, 6 ай және бір жылдан кейін АҚ-ға, холестерин деңгейіне, ДМИ-не, емдеуге бейімділігіне, мазасыздану мен күйзеліс деңгейіне мониторинг жүргізілді. Зерттеу дизайны: тарихи бақылау жүргізілетін бақыланатын клиникалық зерттеу. Статистикалық өңдеу: IBM SPSS Statistics 20, зерттелетін белгілердің бөліну бірқалыптылығы белгіленетін және сандық айнымалылардың сипаттық статистикалары бағаланатын IBM SPSS Statistics 20. Сапалық айнымалылар абсолютті цифрлар мен олардың пайыздары түрінде ұсынылған. Топтардағы айырмашылықтарды бағалау χ2 критериін есептеу көмегімен анықталған.
Нәтижелер: 3 айдан кейін емдеуге бейімділік көрсеткішінің статистикалық тұрғыда 5,7-ден 13,5%-ға дейін бірталай жоғарлауы, тұрақты түрде жоғары АҚ-ы бар адамдардың үлес салмағының 60,1%-дан 49,7%-ға дейін төмендеуі белгіленді (р<0,05). Гиперхолестеринемияға шалдыққан адамдардың үлес салмағы 58,3-тен 47,2%-ға дейін төмендеді (р<0,05). Бір жылғы бақылау ішінде пациенттердің 6,4%-ы физикалық тұрғыда анағұрлым белсенді бола түсті. Клиникалық айқын мазасыздану симптомдары 10,9%-дан 6,9%-ға дейін азайды. Субклиникалық және клиникалық айқын күйзеліс белгілері анық төмендеу үрдісіне ие (р<0,01). Бүкіл зерттеу кезеңі бойы мазасыздану көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды (р<0,01).
Қорытынды: Емдеу-профилактикалық араласудың АГ-ға шалдыққан науқастарға арналған денсаулық мектебі сияқты технологиясын кеңінен енгізу қажеттілігі денсаулық сақтау саласының бастапқы буын деңгейінде АГ-ны уақытында түзету және асқынуларын алдын алу маңыздылығына негізделген.
Библиографиялық сілтемелер
Дюсенова Л.Б., Пивина Л.М., Белихина Т.И., Апсаликов К.Н., Мулдагалиев Т.Ж. Оценка влияния медико-психологического консультирования на приверженность пациентов к лечению антигипертензивными препаратами / / Наука и Здравоохранение. 2018. 4 (Т.20). С. 34-49.
Dyussenova L.B., Pivina L.M., Belikhina T.I., Apsalikov K.N., Muldagaliev T.Zh. Evaluation of the impact of medical and psychological counselling on patient adherence to antihypertensive treatment. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 4, pp. 34-49.
Дюсенова Л.Б., Пивина Л.М., Белихина Т.И., Әпсалықов Қ.Н., Молдағалиев Т.Ж. Пациенттердің гипертензияға қарсы препараттармен емдеуге бейімділігіне медициналық-психологиялық консультация берудің ықпалын бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 4 (Т.20). Б. 34-49.