Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРҒА РЕСИНХРОНДАУШЫ ТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ: РЕТРОСПЕКТИВТІ АНАЛИЗ

Кіріспе. Мақалада оптимальды медикаментозды терапияға рефрактерлі, созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарды емдеудегі дефибриляциямен бірге жүрек ресинхрондаушы терапияның тиімділігінің анализі көрсетілген

Зерттеу мақсаты: созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастардағы СРТ-Д-дің қауіпсізділігі мен тиімділігін бағалау.

Зерттеу материалы мен әдістері: зерттеуге 34 пациент кіретін, СРТ-Д-дің стандартты көрсетілімдер бойынша импланттацияланған ретроспективті зерттеу жүргізілген. Процедураның тиімділігі ЭКГ, ЭХОКГ-да табылатын қарыншалық диссинхрония мәліметтері негізінде бағаланған, процедураға дейін және кейін анықталған (7 тәулікте). Оценка эффективности процедуры проводилась на основе анализа данных желудочковой диссинхронии, выявляемой по ЭКГ, ЭХОКГ; определенные как до, так и после процедуры (на 7 сутки). Мәліметтердің статистическалық анализі (орташа шамаларды есептеу, стандартты ауытқу, корреляиця коэфиценті) Microsoft Excel, SPSS18.0. қолданбалы программалар пакетімен жасалынған.

Зерттеу нәтижелері: Зерттеуге 34 пациент кірді, орташа жас 64,44 ± 9,95 жас болып табылды, оның ішінде ерлердің үлесі 70,5%, ал әйелдер 29,5% құрады. Бастапқыда пациенттерде СЖЖ-нің жайылмалы дәрежелері болды: II ФК 26,5%,  III ФК 52,9%, IV ФК 20,6%. Барлық пациенттер жүрек жетіспеушілігінің ишемиялық және ишимиялық емес (дилатационды кардиомиопатия) генезі – сәйкес 88,2% және 11,8%. QRS комплектерінің ені орташа 146,95 ± 20,54 мс. СРТ-Д-дан кейін QRS комплексі орташа 126,24 ± 12,92 мс. Сол жақ қарыншаның орташа айдау фракциясы – 32,43 ± 11,52%, процедурадан кейінгі динамикада орташа фракция 37,14 ± 8,09%. Анализ жүргізу барысында интраоперациялы летальды жағдайлар болмаған. Жалпы госпитальды летальділік 2,9% - 1 жағдай, ССЖ-нің ауыр декомпенсациясымен сипатталды.

Қорытынды: Қорытынлағанда, өткізілген анализ СРТ-Д-дің ЖЖ-гі бар пациенттердің клиникалық статусынаоң әсерін көрсетті – СЖЖ пациенттерінде айдау фракциясының төмендеуі анықталды. СРТ-Д импланттация процедурасынан кейін қарыншалық диссинхрония көрсеткіштерінің, яғни QRS интервалының 16,1% қысқаруының позитивті тенденциясы анықталды, ал ол оның маңызды көрсеткіші болып табылады. 7 тәулікте СҚ АФ-ның 14,5%-ке жоғарлауы анықталды. Және маңызды фактор болып перипроцедуралық асқынулар мен қауіпсіздіктің жоғары дәрежесі болып табылады
Көрген адамдардың саны: 1278


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сабитов Е.Т., Дюсупов А.А., Абдрахманов А.С., Орехов А.Ю. Оценка эффективности ресинхронизирующей терапии у больных с хронической сердечной недостаточностью: ретроспективный анализ / / Наука и Здравоохранение. 2018. 4 (Т.20). С. 22-33.

Sabitov E.T., Dyussupov A.A., Abdrakhmanov A.S., Orekhov A.Yu. Evaluation of the effectiveness of resynchronizing therapy in patients with chronic heart failure: retrospective analysis. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 4, pp. 22-33.

Сабитов Е.Т., Дюсупов А.А., Абдрахманов А.С., Орехов А.Ю. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға ресинхрондаушы терапияның тиімділігін бағалау: ретроспективті анализ / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 4 (Т.20). Б. 22-33.


Авторизируйтесь для отправки комментариев