ІСІК АУРЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА СЕЛЕННІҢ РОЛІ
Зерттеудің мақсаты онкологиялық аурулардың алдын-алудағы селеннің ролі туралы ғылыми әдебиеттерді талдау болды.
Материалдар мен әдістер. Дәлелді медицина деректер базасында (PubMed, Cochrane Library), мамандандырылған іздеу жүйелерінде (Google Scholar, Cyberleninka, электронды кітапхана) тиісті ғылыми жарияланымдарды іздеу жүргізілді. Зерттеуге қосу критерийлері адамдарда жүргізілген зерттеулер. Ағылшын, орыс тілдерінде жарияланған, сондай-ақ толық мәтінді мақалалар.
Нәтижелері. 27 еуропалық елдерде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді. АҚШ пен Жапонияда селен тұтынуы мен лейкемиядан өлім, колоректальды қатерлі ісік, сүт безі және аналық безі қатерлі ісігі ауруы арасында кері байланыс орнатылды. Зерттеулерде селен жеткіліксіздігі кезінде простата обыры, қалқанша безі және сүт бездері, жатыр мойыны, өкпе, ауыз қуысы, асқазан-ішек жолдарында қатерлі ісіктің өсетіні расталды. Селенопротеиндердің биохимиялық рөлі қатерлі ісік ауруларының белгілі бір түрлерінде тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, генетикалық аппараттың зақым келтіру фазасында (инициация) және трансформация (промоция) жасуша мембранасының қалпына келтірілуіне қатысуымен байланысты. Жоғары дозада (200-300 мг / тәу) селенді ұзақ уақыт бойы қолдану қатерлі ісіктің алдын-алуының тиімділігіне ие және оның тапшылығы бар адамдарда өлімді азайтады.
Қорытынды Эксперименттік және клиникалық зерттеулер селеннің адамның денсаулығына маңыздылығын көрсетті. Қатерлі ісік ауруы мен қандағы селен деңгейі төмендеуі арасындағы маңызды байланыс анықталды. Селеннің ісік жасушаларына қатысты прооксидантты әсері селеннің фармакологиялық концентрацияның артуымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері селеннің канцерогенездің ерте сатыларында ісік жасушаларының пролиферациясын төмендетіп, апоптоздың индукциясына әсерін көрсетеді. Ісіктерде Se жинақталуы анықталады. Клиникалық зерттеулер онкологиядағы Se емдеудің тиімділігін растайды.
Көрген адамдардың саны: 771
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Бьёрклунд Г., Аасет Я., Пивина Л.М. Роль селена в профилактике рака // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 16-22. Bjørklund G., Aaseth J., Pivina L.M. The role of selenium in cancer prevention. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 16-22. Бьёрклунд Г., Аасет Я., Пивина Л.М. Ісік аурларының алдын алуда селеннің ролі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 16-22.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW