ІШЕКТІҢ СҮЛЕЛІ ҚАБЫНБАЛЫ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ «ФЛАММЭГИС» АНТИ-ФНО ПРЕПАРАТТЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ НАҚТЫ БОЛЖАМДАР МЕН НӘТИЖЕЛІГІ ТУРАЛЫ
Кіріспе: Ішектің сүлелі қабынбалы ауруы (ІСҚА) - Жаралы колит (ЖК) және Крон ауруы (КА) асқорту ағзаларының ішінде ең ауыры болып табылады.
Мақсаты: Ішектің сүлелі қабынбалы аурулары кезінде инфликсимаб биосимиляры «Фламмэгис» нәтижелігін зерттеу.
Мәліметтер мен әдістері. Зерттеу Семей қаласы ММУ университет госпиталінің гастроэнтерология бөлімінде жалпыға белгілі көк тамыр ішілік инфузия Фламмэгис( Инфликсимаб, өндіруші СЕЛЛТРИОН, Кәріс Республикасы, ҚР өкілділігі ЗАҚ «Фармацевтік завод ЭГИС» 2013жыл), әр бір бір сегіз апта сайын ГИБТ-ның емге дейінгі және емнен кейінгі сараптама нәтижелерін салыстыра отырып жүргізілді. Орташа бақылау мерзімі 1жыл 4айды құрады.
Нәтижелері: Зерттеу аралығында біз барлығы биологиялық терапия (БТ) 41-сенансын жүргізілді. БТ нәтижелігі барлығы 20 науқаста бақыланды оның 90%-ы жаралы колитпен және 10% - Крон аурыумен науқастар. Емнің нәтижелігі БТ бірінші сеансынан кейін науқастардағы нәжістің жиілігі қысқартылды, патологиялық қоспалар азайды. Осы аралықта капрограммалық тексерулер кезіндегі қабыну маркерлері – лейкоциттер емнің басталғанынан кейін бірден азая бастады, 3 сеанстан кейін тұрақты түрде салмақтарының қосыла бастағаны, гемоглобин деңгейі жоғарлағаны, ЭТЖ деңгейі төмендегені бақыланды. Динамикада фекальды кальпротектин жазылмады, себебі әліде жалғасын табуда.
Қорытынды: ІСҚА науқастарда «Фламмэгис» препаратын қолдану нәтижесінде лабораторлық көрсеткіштер мәнінің жақсарғанын дианмикалық бақылауды жүргізе отырып айта аламыз. БТ қолдану нәтижесінде ІСҚА мен науқастардың өмір апасының жоғарлағанын және ремиссияның туындауына әкелетіні зерттедік.
Библиографиялық сілтемелер
Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Баркибаева Н.Р., Муздубаева Ж.Е., Калимолдина Г.К., Айтмухамбетова А.М. Об эффективности и реальных возможностях применения анти-ФНО препарата «Фламмэгис» при хронических воспалительных заболеваниях кишечника // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 143-149.
Zhumadilova Z.K., Kaskabaeva A.Sh., Barkibayeva N.R., Muzdubayeva Zh.E., Kalimoldina G.K., Aitmukhambetova A.M. About the obvious efficiency and real predictions of the application of anti-FNO drag «Flammegis» in chronic inflammatory diseases of the intestine. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 143-149.
Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Баркибаева Н.Р., Муздубаева Ж.Е., Калимолдина Г.К., Айтмухамбетова А.М. Ішектің сүлелі қабынбалы аурулары кезінде «Фламмэгис» анти-ФНО препараттын қолданудағы нақты болжамдар мен нәтижелігі туралы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 143-149.