НАУҚАСТАРДЫ САРАЛАУ ЖҮЙЕСІ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ.
Кіріспе: Еліміздің тұрғындарының денсаулық көрсеткіші жедел медициналық көмек сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда науқастарды саралауды енгізуде алғашқы қадамдар жасалуда, сондықтан «жедел жәрдем дәрігері» жаңа мамандығы енгізілді.
Мақсаты: Әртүрлі елдерде саралау жүйелерін талдау арқылы Қазақстандағы медицина қауымдастығының саралау жүйелерін пайдалануға қызуғышылықты арттыру.
Әдістері: дәлелді медицина деректер базасында (PubMed, Cochrane Library, ResearchGate) тиісті ғылыми жарияланымдарды іздеу жүргізілді. Барлығы 809 мақалалар табылды, олардың 50-і қосымша талдау үшін іріктелді. Іріктеу критерилері: ағылшын, түрік, орыс тілдерінде жарияланған, сондай-ақ адамдарда жүргізілген мақалалардың толық нұсқалары алынды. Шығару критерилері: есептер жиынтығы, газет жарияланымдары, жеке хабарламалар.
Нәтижелер: Көптеген зерттеулер пациенттердің саралануы науқастың клиникалық сипаттамаларына, өмірге маңызды көрсеткіштерге, жағдайдың ауырлығына және дереу асқынуларға байланысты екендігін көрсетті. Қолданыстағы саралау шкалаларын талдау нәтижесінде шкалалар көбінесе бес деңгейлі және өңірге, денсаулық сақтау жүйесіне бейімделген, бірақ бірыңғай әмбебап шкала жоқ.
Қорытынды: Қазақстанда «Триаж» жүйесін енгізу үшін саралау жүйелерін құру бойынша қосымша зерттеулер жүргізіп, медицина қызметкерлерін саралау әдістеріне оқытып, медицина бағдарламаларына енгізу қажет.
Көрген адамдардың саны: 650
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Месова А.М., Жунусов Е.Т., Пивина Л.М., Йолсу С. ТРИАЖ система: обзор литературы, проблемы и пути решения в Казахстане // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 23-30. Messova A.M., Zhunusov Ye.T., Pivina L.M., Yolcu S. TRIAGE system: literature review, problems and solutions in Kazakhstan. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 23-30. Месова А.М., Жүнісов Е.Т., Пивина Л.М., Йолсу С. Науқастарды саралау жүйесі: әдебиеттік шолу, Қазақстандағы мәселелер және оларды шешу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 23-30.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW