ИНКУРАБЕЛЬДІ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНЫҢ ПІКІРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРҒА ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Кіріспе. Республикамызда онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсетудің қызметі даму үстінде. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек пен оңалту көмегі жүйесінің болмауы, пациенттерге медициналық, әлеуметтік, психологиялық аспектілердің болмауы туралы айтылған. Осыған орай, қатерлі ісіктермен ауратын науқастарға оңалту, қалпына келтіру, алдын алу, диагностикалық, ем алу шаралары және паллиативтік көмек көрсететін арнайы кәсіптік мамандардың кәсіптік деңгейін үнемі арттырып отыруды ұйымдастыру қарастырылып отыр. Осы уақытқа дейін қатерлі ісіктермен ауратын пациенттерді медициналық-социологиялық оңтайландыру емімен жүргізіледі. Жоғарыда аталған психологиялық және әлеуметтік аспектілердің жеткіліксіздігі сонымен қатар бұл жағдайлар медициналық шаралардан бөлек шешілетіндігі көрсетілген.
Мақсаты: Инкурабельді пациенттердің туыстарының пікірінің негізінде онкологиялық науқастарға паллиативті көмек жүйесін ұйымдастырудың аспектілеріне талдау жүргізу
Мәліметтер мен әдістері: Зерттеудің дизайны көлденең, бірсәттілік зертеу. Диагностикалық мақсатта, зерттеуде қойылған мәселелерге сәйкес сауалнама АОД Химиотерапия бөлімшесінде инкурабельді науқастардың тустарынан алынды. Сауалнамаға 46 сұхбаткер қатысты. Алынған анкеталарға анализ SPSS 20.0 бағдарламасы арқылы жүргізілді. Индикаторлардың орташа мәндері (қалыпты үлестірімді растағаннан кейін) қалыпты үлестірім болмаған кезде - 95% сенімді аралығы (95% CI) арқылы есептелді - медиана мен квартиллерді қолдану арқылы (Me, Q1, Q3). Номиналды деректер сандардың абсолютті мәндерінің жиіліктермен сипатталады. Маңыздылықтың деңгейі p = 0,05. Номиналды деректерді талдауға арналған түйіспе кестелері пайдаланылды. Параметрлердегі айырмашылықтар Pearson's Chi-square test (χ2) көмегімен талданды. Дихотомдық белгілерді кодтау стандартты болып табылады: 1 – белгі бар, 0 - белгі жоқ.
Нәтижелері: Сұхбаткерлердің орта жасы 41 жасты құрады (Q1═37 жас, Ме═40 жас, Q3═47жас). ДДҰ (2015ж) жіктелуіне сай сұхбаткерлер жас ерекшеліктеріне сәйкес екі топ арқылы таныстырылды. Кешенді әлеуметтік және психологиялық зерртеудің нәтижелері: әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жағдайлары ауыр науқастарды күтетін адамдар осы санаттағы науқастарға көмек көрсетудің жолдарын жете білмейді (сұхбаткерлердің көбі (43,5℅) науқастарды белсенді емдеу қажеттілігін, ал 6,5℅-ы оларға өмірден өтуге көмектесу қажеттілігін атап көрсетеді және паллиативті көмекті ұйымдастырудың кейбір аспектілері бойынша ақпарат алулары қажет. Сауалнамаға қатысқандардың 1/5 бөлігі (19,6℅) паллиативті көмектің көрсетілу деңгейін қанағаттанарлықсыз деп бағалады.
Қорытынды: Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың терминалды кезеңіндегі науқастарға күтім көрсететін адамдарға психологиялық және науқастарға күтімді ұйымдастыруы үшін көмек қажет, бұл жағдайда осындай санаттағы науқастарға күтім көрсету үшін түрлі мүмкіншіліктерді пайдалану қерек (еріктілерді, діни конфессиялардың өкілдерін (діни қызметкерлерді), қамқорлық мейірбикелерін және басқаларды тарту. Терминалдық сатыдағы науқастардың тустарына паллиативтік көмектің барлық аталған үш аспектісі (психологиялық, әлеуметтік, медициналық) бойынша қолдау көрсетілу қажет. Осыған орай біз оқу үрдісіне 4 курс «Мейірбикелік ісі» және 5 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттеріне «Паллиативті көмекті ұйымдастыру» атты таңдау пәнін енгіздік. Пәннің жұмыс бағдарламасы оқу әдістемелік бөлімінің 25 мамыр 2016 ж № 6 хаттамасымен бекітілді. Элективті пән студенттердің паллиативтік көмек негіздерімен және паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, ары қарай тәжірибеде қолдануға үйретедіБиблиографиялық сілтемелер
Мукушева А.А., Самарова У.С., Хисметова З.А., Атабаева А.К. Организационные аспекты системы паллиативной помощи онкологическим больным на основе мнении родных и близких инкурабельных пациентов // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 121-130.
Mukusheva A.A., Samarova U.S., Khismetova Z.A., Atabayeva A.K. Organization aspects of the palliative care system for cancer patients based on the opinion of relatives and closest incurable patients. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 121-130.
Мукушева А.А., Самарова У.С., Хисметова З.А., Атабаева А.К. Инкурабельді пациенттердің туыстарының пікірінің негізінде онкологиялық науқастарға паллиативті көмек жүйесін ұйымдастырудың аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 121-130.