Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЯҚ СЫНЫҚТАРЫ КЕЗІНДЕ СҮЙЕК АРҚЫЛЫ ОСТЕОСИНТЕЗБЕН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАЛАРЫН БАҒАЛАУ

Өзектілігі. Травматологиялық тәжірибеде ең жиі кездесетін сынықтардың бірі аяқ сүйектерінің сынықтары. Оларды емдеу кезінде жақсы қызметтік нәтижеге қол жеткізу маңызды. Өздігінен жүре алмайтын науқастардың өмір сүру сапасы төмендейді.

Зерттеудің мақсаты. Аяқ-қолдың әртүрлі локолизациясындағы сынықтары кезіндегі қолданылған сүйек арқылы остеосинтезбен ішке енгізіліп жасалған остеосинтездер кезіндегі ем барысындағы өмір сүрудің сапасының салыстырмалы сараптамасы.

Материалдар мен әдістер. Рандомизацияланбаған проспективті зерттеу Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеттінің Жедел медициналық көмек ауруханасында орналасқан 2012- 2017 жылдар аумағында болды. Зерттеуге қатысқан науқастардың барлық саны 406, аяқ сүйектерінің сынықтары бар науқастар 3 топқа бөлінді: I - тізе үсті сүйектерінің сыныгы (n=81), II - сирақ сүйектері (n=93), III - тобық сүйектері (n=232)

Ем түріне байланысты науқастар топтарға бөлінді. Негізгі топ науқастарында сұйек арқылы остеосинтез әдістері өолданылыд, ал салыстыру тобының науқастары ішке енгізіліп жасалатын остеосинтез әдістерімен емделді. Өмір сүру сапасы жалпы SF-36 сауалнамасы мен арнайы KOOS (тізе үсті сүйегі сынығы кезінде) және FOAS (асықты жілік пен табан сүйектері сынықтарында).

Дистрибутивтің қалыптыға және деректердің дисперсия теңдігіне сәйкестігі үшін сандық серияларды талдау жүргізілді [15]. Топтар арасындағы айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығы туралы гипотезаны тестілеу Стьюденттің Т критерийін пайдалана отырып, орташа сандықпен салыстыру арқылы жүргізілді. Параметрлік талдауға шектеу болған жағдайда, параметрлік емес Mann-Whitney тесті қолданылды [7]. Нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін статистикалық маңыздылық деңгейі p <0,05 деп қабылданды.

Зерттеу нәтижелері. Салыстыру тобына қарағанда аяқтың әртүрлі сынықтары сүйек арқылы остеосинтезбен емделген негізгі топ науқастарының өмір сүру сапалары жоғары болып шықты. Айтарлықтай айырмашылықтар арнайы сауалнамалар арқылы 6-9 айлар аралығында анықталды және ол зерттеудің соңына қарай 1 жыл қткеннен соң ниверленді.

Қорытынды. Аяқ сүйектірінің әртүрлі сынықтары кезінде әртүрлі әдістер арқылы емдеу кезінде анықталған өмір сүру сапаларын ың көрсеткіштеріне сүйене отырып, авторлар сүйек арқылы остеосинтез әдістерін қолдануға кеңес береді.

Көрген адамдардың саны: 1668


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Букатов А.К., Серикбаев А.С., Манарбеков Е.М., Дюсупова А.А., Дюсупов А.З., Джумабеков С.А. Оценка качества жизни больных в период лечения переломов костей нижних конечностей чрескостным остеосинтезом // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 98-107.

Dyussupov A.A., Bukatov A.K., Serikbaev A.S., Manarbekov Ye.M., Dyussupova А.А., Dyussupov A.Z., Dzhumabekov S.A. Quality control of life of patients in the period of treatment by transosseous osteosynthesis of lower extremities bones fractures. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 98-107.

Дюсупов А.А., Букатов А.К., Серикбаев А.С., Манарбеков Е.М., Дюсупова А.А., Дюсупов А.З., Джумабеков С.А. Аяқ сынықтары кезінде сүйек арқылы остеосинтезбен емдеу кезінде науқастардың өмір сүру сапаларын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 98-107.

 


Авторизируйтесь для отправки комментариев