Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПОЛИТРАВМА КЕЗІНДЕГІ АЯҚ ПЕН ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ АЗ ЖАРАҚАТТАУШЫ ОСТЕОСИНТЕЗ ӘДІСТЕРІ

Өзектілік. Жалпы травматологиялық науқастардың ішінде политравманың үлесі 28%. Политравма жоғары (40%) летальділікке ие. Өлім себептерінің ішінде ісік аурулары мен жүрек қантамыр ауруларынан кейінгі үшінші орынды алады, ал жасы 40 тан төмен науқастар арасында бұл көрсеткіш бірінші орында. Тағы бір әлеуметтік маңызды мәселелер мүгедектіктің жоғары болуы (более 40%) және ондай науқастардың алынған жарақаттың ауырлығына байланысты, мәжбүрлі түрде бірнеше операциялар жасалуына байланысты ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болатындығы.

Зерттеудің мақсаты – политравмасы бар науқастарда аяқ-қол сынықтарының емін жақсарту.

Материалдар мен әдістер. Рандомизацияланбаған проспективті зерттеуде 1998 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында Семей қаласының сынық-жарақат бөлімінде политравмамен ем алған 475 науқастың ем нәтижесі көрсетілген. Зерттеу топтарында 254 науқас иықтың хирургиялық мойнының сынығымен (n = 33), иық сынығымен (n = 49), асықты жілік сынығымен (n = 98), ортан жіліктің сынығымен (n = 17), тобық сынығы (n = 32) және тізе үсті сүйегі сынығымен (n = 25), негізгі топ науқастары біз жасаған ем әдістері арқылы емделді. Салыстыру тобының науқастары (221 науқас осындай сынықтармен) белгілі остеосинтез әдістерімен емделді (Илизаров аппаратымен, сүйек үстілік және ішке енгізіліп жасалатын әдістер).

Нәтижелер. 1998 жылдан бастап сынық-жарақат бөлімінде жасалып пайладанылған және апробацияланған иық сүйегінің хирургиялық мойны, аяқ-қол түтікті сүйектерінің диафизінің, тізе үсті сүйегінің бір жазықтықты сүйек арқылы остеосинтезі мен асықты жілік пен табан сүйектерінің трансартикулярлы фиксация әдістері қолданылып жүр. Жалпы қолданылып келген әдістер мен біз ұсынған әдістер кезіндегі амбулаторлы және стационарлы ем нәтижелерін салыстырдық.

Жасалған кешенді ем түрін енгізу нәтижесінде стационарлық ем 1,5-2,3 есеге қысқарды, ал амбулаторлы ем 1,5 есеге қысқарды, еңбекке жарамсыздық уақыты 1,0 – 1,3 айға азайып, емнің жақсы және өте жақсы әдістері 1,2-2,1 есеге көбейді.

Қорытынды. Политравма кезінде аталған аумақтардың сынықтарында біз ұсынған аз инвазивті ем түрлерін пайдалану тиімді болып табылады. Ішке енгізіліп жасалатын әдістері пайдалану үшін көрсеткіштерді, компетенцияны, сырқат ауырлығын, жұмсақ тіндердің зақымдалуын, қосымша ауруларды ескеруді талап етеді.

Көрген адамдардың саны: 737


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Букатов А.К., Серикбаев А.С., Манарбеков Е.М., Дюсупова А.А., Дюсупов А.З., Джумабеков С.А. Малотравматичный остеосинтез переломов костей конечностей при политравме // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 90-97.

Dyussupov A.A., Bukatov A.K., Serikbaev A.S., Manarbekov Ye.M., Dyussupova А.А., Dyussupov A.Z., Dzhumabekov S.A. Low invasive osteosynthesis for fractures of limb bones in polytrauma. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 90-97.

Дюсупов А.А., Букатов А.К., Серикбаев А.С., Манарбеков Е.М., Дюсупова А.А., Дюсупов А.З., Джумабеков С.А. Политравма кезіндегі аяқ пен қол сүйектері сынықтарының аз жарақаттаушы остеосинтез әдістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 90-97.


Авторизируйтесь для отправки комментариев