БАЛАЛАРДАҒЫ ТУБЕРОЗДЫ СКЛЕРОЗ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭПИЛЕПСИЯНЫҢ ЕМІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе Туберозды склероз – орталық жүйке-жүйесінің, терінің және ішкі ағзаларда қатерсіз ісіктердің дамуымен жүретін, аутосомды-доминантты тұқым қуалайтын генетикалық ауру. 96 % жағдайда науқастардың өмірінің алғашқы айларында эпилепсиямен көрінеді. Туберозды склероздың жиілігі, эпилепсия ағымының ауырлығы, сонымен қатар емдеге резистенттілігі, аталған мәселеге арналған мақалалардың санының аздығы аурудың емін терең зерделеуді қажет етеді және біздің жұмысымыздың өзектілігін арттырады.
Мақсаты: балалардағы туберозды склерозбен қосарланған эпилепсия ем әдістеріне арналған әдебиеттерге шолу жүргізу.
Стратегиялық ізденіс: ғылыми ізденіс PubMed, Elibrary, Google Scholar ақпарат құралдарында жүргізілді. Ізденіс көлемі 12 жылды құрады. Түйінді сөздер: туберозды склероз (tuberous sclerosis), эпилепсия (epilepsy), емі (treatment). Қосу өлшемдері: 2007-2018 жж толық мәтінді басылымдар, зерттеуге қатысушылар жасы 18 жасқа дейінгі туберозды склероз бастауында тырысу ұстамалары болған науқастар, «Туберозды склероз» диагнозы ҚР клиникалық хаттамаларына және халықаралық өлшемдерге сәйкес болуы. Ығыстыру өлшемдері: толық мәтіні жоқ тезистер, абстракттер, қайталанған басылымдар, туберозды склероздың емінің сұрақтарын толық қамтымайтын, тақырыпқа сәйкес емес мақалалар мен жануарларға жасалған тәжірибелік жұмыс нәтижелері.
Туберозды склероз сирек кездесетін ауру болғандықтан, ақпараттық қорлардан барлығы 523 мақала табылды. Әйткенмен де, тек 10 дерек көзі қосу өлшемдеріне сәйкес келді.
Нәтижелер: әдеби ізденіс барысында балалардағы туберозды склерозбен қосарланған фокальды эпилепсия мен инфантильді спазмның еміне арналған Вигабатрин препаратының (4-Амино-5-гексен қышқылы, Франция, Санофи) нәтижелілігін көрсететін проспективті және ретроспективті зерттеулер табылды. Субэпендимальді үлкенжасушалы астроцитомамен қосарланған эпилепсияда Эверолимус препаратының (Новартис фармасы, Швейцария) нәтижелілігі рандомизирленген орталықтандырылған, плацебо-бақылау зерттеулерінде айқын көрсетілген. Фармакорезистентті эпилепсияның хирургиялық емі 4 зерттеу жұмысында сипатталған.
Қорытынды: әдебиеттік шолу қорытындыларына сәйкес, Вигабатрин препараты инфантильді спазм және фокальды эпилепсияда нәтижелі болып табылса, ал Эверолимус препараты субэпендимальді үлкенжасушалы астроцитомамен қосарланған эпилепсия емінде артықшылықтарға ие. Фармакорезистентті эпилепсияның бірден бір емі аталған мәселеде хирургиялық емдеу әдісі болып табыладыБиблиографиялық сілтемелер
Ахметкалиева Ш.Б., Каймак Т.В., Хайбуллин Т.Н., Бектемирова З.Р. Методы лечения эпилепсии при туберозном склерозе у детей. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 48-57.
Akhmetkalyieva Sh.B., Kaimak T.V., Кhaibullin T.N., Bektemirova Z.R. Methods of treatment of epilepsy in children with tuberous sclerosis. Literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 48-57.
Ахметкалиева Ш.Б., Каймак Т.В., Хайбуллин Т.Н., Бектемирова З.Р. Балалардағы туберозды склероз барысындағы эпилепсияның емі. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 48-57.