Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ГОСПИТАЛЬДЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ

Кіріспе. Медициналық ұйымдар көбінесе жаңа (инновациялық) технологиялар үшін бастапқы нүкте болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу, әдетте, қазіргі қолданыстағы практикамен салыстырғанда жаңа технологиялардың құндылығы мен артықшылықтары туралы сенімді және негізделген ақпараттың қажеттілігін туындататындарды ауыстыруға немесе жаңартуға алып келеді.

Мақсаты: Медициналық технологияларды госпитальдық бағалау жүйесін (МТБ) медициналық ұйымдардың практикасына енгізудің және пайдаланудың тиімділігі туралы халықаралық тәжірибені талдау.

Стратегиялық ізденіс. MEDLINE (PubMed), Cochrane Database of Systematic Reviews, CRD (Univ. of York) деректер базасынан «Медициналық технологияларды госпитальдық бағалау» деген кілт сөздермен әдебиеттер іздестірілді. Қосу өлшемшарттары ретінде 2018 жылдың маусым айына дейін шығарылған ағылшын тілінде жүргізілген зерттеулер белгіленді, онда МТБ жүйесінің жеке медицина ұйымдарының қызметіне ықпалы немесе әсері туралы сапалы, сандық немесе аралас деректер ұсынылған. Жоғарыда келтірілген деректер базасында іздеуге сұратым бойынша 282 жарияланым берілді. Абстракттарды қарағаннан кейін, анализге іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келетін 42 зерттеу белгіленді.

Нәтижелері. Госпитальдық МТБ жүйесін қолдану тиімділігін зерттейтін жарияланған зерттеулердің шектеулі болуына қарамастан, госпитальдық МТБ әртүрлі медициналық технологияларды енгізуге немесе енгізуден бас тарту мүмкіндігіне, сондай-ақ менеджерлер мен клиинцистердің оң қабылдауына қатысты шешім шығару процесіне оң әсері туралы кеңінен баяндалады.

Еуропа елдерінде анағұрлым жиі пайдаланылатын модель болып табылатын госпитальдық МТБ тәуелсіз бөлімі медицина ұйымдарында МТБ процесінің тереңдігі, жоғары сапасы мен күрделілігі жағынан бірнеше артықшылықтарға ие. Госпитальдық МТБ бөлімі медициналық технологиялар саласында барлық мүдделі тараптармен әріптестікпен жұмыс істейтіндігі және оның медицина ұйымының медицина және басқарушы персоналына тәуелсіздігі медицина ұйымын стратегиялық дамытудың және ұлттық (мемлекеттік) немесе аймақтық ұйымдарда МТБ агенттіктерімен әріптестікті дамытудың маңызды элементі бола алады.

Қорытындылар. Халықаралық тәжірибе деректерінің негізінде, госпитальдық МТБ жүйесін енгізу және пайдалану стратегиялық дамытудың негізгі бағыттарын анықтауға, медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығының негізін құруға мүмкіндік беретін, түрлі медициналық технологияларды практикаға енгізу және пайдалану мақсаттылығы туралы негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етудің тиімді стратегиясы болып табылады.

Көрген адамдардың саны: 970


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Авдеев А.В., Каптагаева А.К., Табаров А.Б., Шаназаров Н.А., Ахетов А.А. Эффективность внедрения и использования системы госпитальной оценки медицинских технологий: обзор международного опыта // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 7-16.

 

Avdeyev A.V., Kaptagayeva A.K., Tabarov A.B., Shanazarov N.A., Akhetov A.A. Effectiveness of implementation and using the hospital-based health technology assessment system: review of international experience. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 7-16.

 

Авдеев А.В., Қаптағаева А.Қ., Табаров Ә.Б., Шаназаров Н.А., Ахетов Ә.А. Медициналық технологияларды госпитальдық бағалау жүйесін енгізу және пайдалану тиімділігі: халықаралық тәжірибеге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 7-16.


Авторизируйтесь для отправки комментариев