ПАТЕЛЛОФЕМОРАЛДЫ БУЫННЫҢ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Өзектілігі. Пателлофеморалды буын (ПФБ) патологиясы – кең таралған, бірақ толық зерттелмеген мәселе. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, бірінші рет келген науқастардың шамамен 15%-да оқшауланған пателлофеморалды патология бар. Науқастардың тағы 25%-да пателлофеморалды белгілер алдыңғы айқыш байламның тұрақсыздығы және менисктердің үзілуі сияқты аурулардың екінші көрінісі. ПФБ патологиясының диагностикасында жете жиналған анамнез және толық клиникалық зерттеулер маңызды.
Аталған шолудың мақсаты: пателлофеморалды буынның ортопедиялық патологиясының диагностикасы туралы мәліметтерді пайдалана отырып негізгі әдістерін жалпылау.
Іздеу стратегиясы. Пателлофеморалды буын, остеоартрит, тибиофеморалды буын, пателлофеморалды қақсау синдромы, диагностика, әдістер сияқты түйін сөздер бойынша соңғы үш онжылдықты қамтитын PubMed/Scopus/MEDLINE электрондык базаларын пайдалана отырып, әдеби іздеу өткізілді. Еңгізу критерийлері: 1987 жылдан бастап бірегей зерттеулер бойынша қолжетімді толық мәтінді мақалалар, бастапқы остеоартрит диагнозы, еңгізбеу критерийлері: жеке жағдайларды сипаттау, ағылшын тілінен басқа шет тілдердегі мақалалар. Көрсетілген кезең аясында 48 мақала табылды.
Нәтижелері. Пателлофеморалды буын (ПФБ) патологиясы – кең таралған, бірақ толық зерттелмеген мәселе. Тізе буынының остеоартриті аталған жағдайдағы науқас адамдарға және жалпы қоғамға айтарлықтай ауыртпалық артады. ПФБ патологиясының диагностикасында жете жиналған анамнез және толық клиникалық зерттеулер маңызды. Ұқсас клиникалық және анамнестикалық мәліметтермен сипатталатын ортопедиялық аурулардың үлкен спектрін ескере отырып, диагноздың дифференциалды диагностикасы мен верефикациясында дәстүрлі әдістерді толықтыратын заманауи зерттеу әдістерінің барлығын (әр түрлі кескіндегі рентгенограммалар, КТ, МРТ), пайдаланған жөн.
Қорытынды. Пателлофеморалды буын (ПФБ) патологиясының диагноздың дифференциалды диагностикасы мен верификациясында дәстүрлі әдістерді толықтыратын заманауи зерттеу әдістерінің барлығын (әр түрлі кескіндегі рентгенограммалар, КТ, МРТ), пайдаланған жөн.
Көрген адамдардың саны: 626
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Акильжанов К.Р., Жанаспаев М.А. Диагностика ортопедической патологии пателлофеморального сустава. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 31-41. Akilzhanov K.R., Zhanaspaev M.A. Diagnostics of orthopedic pathology of patellofemoral joint. Literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 31-41. Акильжанов К.Р., Жанаспаев М.А. Пателлофеморалды буынның ортопедиялық патологиясының диагностикасы. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 31-41.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW