ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУЫНА ӘКЕЛЕТІН ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРІ
Кіріспе. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың денсаулығына барынша әсер ететін ауруларды ерте анықтау бойынша негізгі скринингтік бағдарламаларды одан әрі дамытуын, сондай-ақ скринингтік бағдарламаларды жүргізу, мониторингілеу және тиімділігін бағалау стандарттарын үнемі жетілдіруін қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің мақсаты. Павлодар облысы мысалында экономикалық бағалау нәтижелері бойынша скринингтік бағдарламаларды табысты іске асыруына келтіретін кедергілерді анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Сүт безі, жатыр мойны және колоректалды обырын ерте анықтауға арналған скринингтік бағдарламаларды бағалау үшін зерттеуде фармакоэкономикалық талдаудың мынадай әдістері пайдаланды: "бюджетке әсер ету" анализі (BIA - Budget Impact analysis), "аурудың құны" анализі (COI - Cost of illness), ауруды диагностикалауға тікелей шығындар ғана есепке алынды. Салыстырмалы бағалау жүргізу үшін Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген бюджеттік өтінімдер және ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың прейскуранттары пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелері. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы сүт безі обырын анықтау үшін скрининг-зерттеулерге қаржыландыру көлемі 65,6% - ға артты, бұл 4144,30 мың теңгені құрады. Осы бағдарламаның негізгі проблемасы 1 кезеңді қаржыландырудың болмауы (маммографиядан өту) болып табылады. Жатыр мойны обырын анықтау үшін скринингтік бағдарламаға қаржыландыру көлемінің 83,4% - ға артуы байқалды, бұл 62 587,6 мың теңгені құрады. Негізгі кедергі "жатыр мойнынан жағынды алу" медициналық қызметіне қаржыландырудың болмауы болып табылады. Қаржыландырудың күрт өсуі пациенттер санының артуына және нысаналы топтың өзгеруіне байланысты. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы гемокульт-тестілерді сатып алуға қаржыландыру көлемі 20,7% - ға төмендеді, бұл 13 827,6 мың теңгені құрады. Колоноскопиядан өтуге қаржыландыру көлемі 21,8% - ға төмендеді, бұл 1128,4 мың теңгені құрады. Қаржыландыру көлемінің төмендеу себебі нысаналы топты қамту көлемінің 70% - дан 25% - ға дейін азаюына байланысты.
Қорытынды. Анықталған әкімшілік және әлеуметтік - экономикалық кедергілер мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға және скринингтік бағдарламалардың көрсеткіштерін жақсартуға кедергі келтіріп соқтыруына әкеледі.
Көрген адамдардың саны: 1247
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Мусина Д.С., Ибраев С.Е., Казизова Г.С., Брусати Л., Самарова У.С., Рахимжанова Ф.С., Хисметова З.А., Фаббро Э. Административные барьеры реализации скрининговых программ на раннее выявление онкологических заболеваний // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 57-67. Mussina D.S., Ibrayev S.E., Kazizova G.S., Brusati L., Samarova U.S., Rakhimzhanova F.S., Khismetova Z.А., Fabbro E. Administrative barriers of the implementation of screening programs for the early detection of oncological diseases. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 57-67. Мусина Д.С., Ибраев С.Е., Казизова Г.С., Брусати Л., Самарова У.С., Рахимжанова Ф.С., Хисметова З.А., Фаббро Э. Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік бағдарламаларды іске асыруына әкелетін әкімшілік кедергілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 57-67.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ