Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ КЕЗІНДЕГІ ӨМІРШЕҢДІККЕ ТАЛДАУ
Өзектілігі. Бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша әйелдер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі (ЖМҚІ) төртінші орынды алады. Аурудың болжамына аурудың дәрежесі, лимфа түйіндерінің жағдайы, ісіктің тереңдігі мен көлемі әсер етеді. Жамбас лимфа түйіндерінің метастазы 50-74 % болған кезде, ісік лимфа түйіндерін зақымдамаған кезде бесжылдық өмір сүру деңгейі 88-99 % құрайды. Зерттеу мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы жатыр мойнының қатерлі ісігі кезіндегі өміршеңдікке талдау жасалынды. Материалдар мен әдістер. Семей қаласының аймақтық онкологиялық диспансердің (Семей қ. АОД) және Өскемен қаласының облыстық онкологиялық диспансердің (Өскемен қ. ООД) мағлұматтары қолданылды. Зерттеуге 2011 жылдан 2016 жылдар кезеңіндегі ЖМҚІ (337 жағдай) барлық өліммен аяқталған жағдайлар енгізілген. Өміршеңдікті талдау Каплан-Мейер әдісі көмегімен жүргізілді. Емдеу түрлері арасында салыстыру жүрізілді. Нәтижесі. Сәулелі емдеу 50,7% (n=171) науқаста, химиямен емдеу 8,6% (n=29) әйелде, симптоматикалық емдеу 35,6% (n=120) науқаста, оталық емдеу 4,5% (n=15) науқаста, конизация у 0,6% (n=2) науқаста жүргізілді. Хирургиялық емдеу кезінде аман қалудың орташа уақыты 29,7 (95%ДИ:15,4-43,9) ай, сәулелі емдеу кезінде 25,0 (95%ДИ:21,5-28,6) ай, конизация кезінде 18,5 (95%ДИ:0,0-116,3) ай, химиямен емдеу кезінде 12,4 (95%ДИ:9,9-14,8) ай, симптоматикалық емдеу кезінде 8,8 (95%ДИ:6,4-11,2) ай. Барлық емдеу әдістері кезінде қисық өміршеңдік статистикалық ерекшелінеді, жағдайдың көп бөлігін симптоматикалық ем алған науқастар құрайды. Қорытынды: Осындай жолмен нәтижеден босатылған ең ұзақ уақыт хирургиялық емге жатады, симптоматикалық ем қабылдаған науқастарда болжамы қолайсыз.
Көрген адамдардың саны: 819

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Шалгумбаева Г.М., Зготова Н.С., Фаизова Р.И., Хисметова А.М., Амренова К.Ш., Досбаева А.М., Юрковский А.О. Анализ выживаемости при раке шейки матки в Восточно-Казахстанской области // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 68-73. Shalgumbayeva G.M., Zgotava N.S., Faizova R.I., Khismetova A.M., Amrenova K.Sh., Dosbaeva A.M., Yurkovsky A.O. Survival analysis for cervical cancer in the East Kazakhstan region. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 68-73. Шалгумбаева Г.М., Зготова Н.С., Фаизова Р.И., Хисметова А.М., Амренова К.Ш., Досбаева А.М., Юрковский А.О. Шығыс Қазақстан облысындағы жатыр мойнының қатерлі ісігі кезіндегі өміршеңдікке талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 68-73.

Авторизируйтесь для отправки комментариев