Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЛҚАНША БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Осы жұмыста қалқанша безі обырының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 5 жыл (2011-2015 жылдар) аралығында онкологиялық көрсеткіштері талданды. Бәріне мәлім Қазақстан территориясы, әсіресе Шығыс Қазақстан аумағы бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағының радиациялық фонының қолайсыздығы онкологиялық аурулардың, соның ішінде қалқанша безі обырының санының өсуіне әсер етті. Зерттеу мақсаты. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2011-2015 жылдар аралығында қалқанша безі обырының эпидемиологиялық көрсеткіштерін талдау. Әдістері. Көлденең эпидемиологиялық зерттеу жасалынды. Жұмысты орындау үшін Шығыс Қазақстан облыстық және Семей аймақтық онкологиялық диспансерлерінің біріншілік құжаттар негізінде аумақтық қатерлі ісік регистрі қолданылды. Талдауға 2011 және 2015 жылдар аралығында барлық қалқанша безі обырының біріншілік тіркелген жағдайлары алынды. Бұл жұмысты орындау кезінде айырықша қызығушылық тудырған қалқанша бездің қатерлі ісіктерінің анықталу жиілігін талдау болды. Статистикалық талдау және деректерді өңдеу Excel және Windows SPSS.20 арқылы жүргізілді. Дескриптикалық статистиканың әдістерін қолдану арқылы талданды: Мағлұматтар дескриптивті статистика әдістерін қолданумен сипатталған: орталық тенденцияны бағалау (орташа) және оның сандық мағлұматтары үшін дисперсиясы (стандартты ауытқу), абсолютті жиілігі мен олардың сапалық мағлұматтарының пайызы. Нәтижелері. Талдау кезінде 2011 және 2015 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген жағдайлар саны өскені анықталды 100 мың тұрғынға шаққанда 2,9-дан 4,2 жағдайға дейін. Өлімділік саны 100 мың тұрғынға шаққанда 0,5-0,4 жағдай бұл республикалық көрсеткішке жақын 2011ж. 0,6 жағдай және 2015ж. 0,5 жағдай. Аурушандылық көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысы бойынша әсіресе 50 жастан асқан тұрғындарда және әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда 12 есе жиі кездеседі. Қорытынды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бесжылдық аралықта аурушандылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2011ж. 2,9%-дан 4,2% 2015ж. жалпы қазақстандық көрсеткіштер бойынша 2,5% 2011ж. және 3,5% 2015ж. аралығында өскені байқалады. Өлімділік саны 100 мың тұрғынға шаққанда 0,6-дан 0,4 аралығында ауытқиды, бұл республикалық көрсеткішке 0,5-0,6% жақын. Жиі қалқанша безі обыры 41-60 жас аралығында кездеседі бұл барлық тіркелген жағдайлардың 70% құрайды және әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда жиі кездеседі.
Көрген адамдардың саны: 614

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Еспенбетова М.Ж., Крыкпаева А.С., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е., Абенова А.С., Сериккан А.С., Магзумов Ж.М. Онкологические показатели рака щитовидной железы по Восточно-Казахстанской области // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 88-95. Еспенбетова М.Ж., Крыкпаева А.С., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е., Абенова А.С., Сериккан А.С., Магзумов Ж.М. Frequency of occurrence of thyroid cancer in the East Kazakhstan region. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 88-95. Еспенбетова М.Ж., Крыкпаева А.С., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е., Абенова А.С., Сериккан А.С., Магзумов Ж.М. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қалқанша безі обырының онкологиялық көрсеткіштері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 88-95.

Авторизируйтесь для отправки комментариев