Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЗДАҒАН ДОЗА ДИАПАЗОНЫНДА СӘУЛЕЛЕНУ ӘСЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ВЕГЕТАИВТІ СТАТУСЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Сәулеленудің аздаған дозасы нейроэндокринді кешенмен әсіресе вегатативті жүйке жүйесімен бақыланатын физиологиялық механизмдердің жалпы реттелуінің бұзылысын және бейімделу процесснің тиімділігінің төмендеуін шақыруы мүмкін. Мақсат: Аздаған доза диапазонында сәулелік әсерге ұшыраған Шығыс Қазақстан тұрғындарының вегетативті статусын бағалау. Әдістері: ШҚО Абай ауданының, ШҚО Бородулиха ауданының, ШҚО Күрішім ауданының тұрғындарына зерттеу жүргізілді. Іріктеменің жалпы көлемі 700 адамды құрады. Аздаған доза диапазонында сәулелік әсерге ұшыраған тұлғалардың вегетативті статусын бағалау үшін бізбен Кердо индексін анықтау, Ашнер-Даньинии сынамасы, ортостатикалық сынама алынып ВРС-спектометриясы жүргізілді. Қосылу критерилері: жас мөлшері 18-50 жас, ССЯПтың әсер ету аумағында тұрып жатқандығының заңды түрде расталуы. Алынып тасталу критериі: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы, декомпенсация сатысындағы соматикалық сырқат. Бақылау тобы - ШҚО Күрішім ауданының тұрғындары. Зерттеу дизайны – көлденең. Статистикалық өңделу: IBM SPSS Statistics 20.0 зерттелетін белгілердің қалыпты топтастырылуын және сипаттамалы статистикалық сандық ауыспалыларды бағалаумен бірге алғанда. Сапалы ауыспалылар абсолюттік сандар арқылы және олардың пайыздарымен берілген. Топтардағы айырмашылықтар бағасы критериімен анықталған. Нәтижелер. Вегетативті баланстың парасимпатикалық бағыттағы вегетативті дисфункция түріндегі бұзылыстары, вегетативті тонустың, вегетативті реактивтіліктің, сонымен қатар 18-29 жастық топтарының тұлғаларында парасимпатикалық бағыттағы қан айналым жүйесінің регуляциясының бұзылысы анықталды, сол кезекте егде топ өкілдерінде симпатотоникалық бағыт әсерінің жоғарлауы байқалды. Қорытынды: ШҚО Абай, Бородулиха ауданының сәулелік әсерге ұшыраған тұрғындарының денсаулық жағдайының анализі парасимпатикалық бағыттағы вегетативті регуляцияның бұзылысы бар тұлғалардың көбейуімен байқалатын (р<0.05; 0,05) организмнің спецификалық емес резистенттілігінің бұзылысының белгілерін көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 522

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Пивина Л.М., Семенова Ю.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Абишева А.С., Шаханова А.Т., Жунусова Т. Оценка вегетативного статуса жителей восточно-Казахстанской области, подвергшихся радиационному воздействию в диапазоне малых доз / / Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 96-104. Pivina L.M., Semenova Yu.M., Zhunussov Ye.T., Bulegenov T.A., Manatova A.M., Belikhina T.I., Abisheva A.S., Shakhanova A.T., Zhunussova T. Assessment of the vegetative status of residents of the East Kazakhstan region, exposed to radiationIn the range of small doses. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 96-104. Пивина Л.М., Семенова Ю.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Абишева А.С., Шаханова А.Т., Жунусова Т. Аздаған доза диапазонында сәулелену әсеріне ұшыраған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының вегетаивті статусын бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 96-104.

Авторизируйтесь для отправки комментариев