ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ СЫНАҚТАРЫ САЛДАРЫНАН РАДИАЦИЯЛЫҚ ӘСЕРГЕ ШАЛДЫҚҚАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН СИПАТТАЙТЫН БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БАҒАЛАУ
Кіріспе: 2017 жылы Семей қ. ММУ «Қазақстан Республикасы экологиялық қолайсыз аумақта экологиялық жүктемені ықшамдау, медициналық қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және тұрғындарды сауықтырудың ғылыми –методологиялық негіздерін әдістеу» ғылыми –техникалық бағдарламасын орындау басталды, оның шеңберінде ШҚО тұрғындарының экспондаған радиациямен ерекше емес резистенттілік жағдайына бағалау өткізілді.
Мақсаты: Зерттелетін тұрғындар ерекше емес резистенттілігі жағдайын сипаттайтын қанның биохимиялық көрсеткіштерін бағалау.
Материалдар мен әдістер. ШҚО Абай ауданы бойынша іріктеу көлемі 222 адамды құрады, ШҚО Бородулиха ауданы бойынша– 233 адам, ШҚО Күршім ауданы бойынша – 245 адам. Биохимиялық көрсеткіштер зерттелді (кальций, калий, натрий, магний, гликозирленген гемоглобин, жалпы белок, АЛТ, АСТ, қалқанша без гормондары, антиденелер ТПО, АКТГ, кортизол, инсулин). Енгізу критерилері: жасы 18-50 жас, ССЯП әсері аумағында тұруға заңды растау. Шығау критерилері: ОНЖ органикалық зақымдануы, декомпенсация кезеңіндегі соматикалық аурулар. Бақылау – ШҚО Күршім ауданы тұрғындары. Зертету дизайны – көлденең. Статистикалық өңдеу: IBM SPSS Statistics 20, сандық ауыспалылардың бейнелеу статистикаларын бағалаумен және зерттелетін белгілерін бөлудің қалыптылығын анықтаумен. Сапалық ауыспалылар абсолютті цифрлар және олардың пайыздары түрінде ұсынылған. Топтардағы айырмашылықтар бағасы χ2 критерилерін есептеу арқылы анықталған.
Нәтижелер. Тиреотропты гормонның жоғары көрсеткіштері Бородулиха ауданы тұрғындарында анықталған – 13,5%, Абай ауданында – 3,9% тұрғында. ТПО антиденелер титрының асуы зерттеудің екі негізгі топтарында белгіленген (80,09 Абай ауданында және 43,7 Бородулиха ауданында). Қанның микроэлемент құрамының өзгеруі түрінде анықталатын организмнің ерекше емес резистенттілігінің бұзылуы белгілері анықталды (бақылаумен салыстырғандағы магнийдің, кальцийдің және калийдің төмендеуі), кортизолдың артуы.
Қорытынды: Радиациялық әсерге шалдыққан тұлғалар организмнің ерекше емес резистенттілігінің бұзылуы биохимиялық индикаторлары анықталды.
Көрген адамдардың саны: 577
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Пивина Л.М., Семенова Ю.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Абишева А.С., Эфендиев У.М., Жунусова T. Оценка биохимических показателей, характеризующих состояние здоровья населения Восточно-Казахстанской области, подвергшегося радиационному воздействию вследствие испытаний ядерного оружия / / Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 105-114. Pivina L.M., Semenova Yu.M., Zhunussov Ye.T., Bulegenov T.A., Manatova A.M., Belikhina T.I., Abisheva A.S., Efendiev U.M., Zhunussova T. Assessment of biochemical indicators characterizing the health status of the population of the East Kazakhstan region exposed to radiation due to nuclear weapons tests. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 105-114. Пивина Л.М., Семенова Ю.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Абишева А.С., Эфендиев У.М., Жунусова T. Ядролық қару сынақтары салдарынан радиациялық әсерге шалдыққан Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулық жағдайын сипаттайтын биохимиялық көрсеткіштерді бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 105-114.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ