Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ ЯДОРЛЫҚ ПОЛИГОН ҚЫЗМЕТІ САЛДАРЫНАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СӘУЛЕГЕ ШАЛДЫҚҚАН ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ДЕПРЕССИЯ МЕН МАЗАСЫЗДЫҚТЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ АУЫРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Кіріспе: Қоршаған орта факторларының тұрғындардың психикалық денсаулығына әсер етуін зерттеу осы заманғы ғалымдарының арасында кең таралған әдіс болып саналады, өз кезегінде психикалық денсаулық жағдайын индивидуалды және популяциялық деңгейде сиппаттауға мүмкіндік береді. Психикалық денсаулық жағадайын бағалау денсаулық бұзылысының біріншілік және екіншілік алдын-алу бағдарламасын жасап шығаруда ауадай қажет. Семей ядролық полигонының (ССЯП) жабылуына қарамастан 1989 жылы көптеген әлеуметтік, демографиялық және экономикалық сұрақтар шешусіз қалды. БАК-да шынайы радиоэкологиялық жағдайды дәйексіз суреттейтін ақппарттардың туындауына байланысты сонымен қатар сәулелік әсердің тұрғындар денсаулығына әсері салдарынан полигонға жапсарлас орналасқан аумақтарда психологиялық қауырттылықтың асқынуы байқалуда. Мақсат: көп жылдық ССЯП-нының сынағынан зардап шеккен Абай және Бородулиха аудандарының тұрғындары арасындағы депресивті бұзылыстар және мазасыздықтың таралуы мен ауырлығын экологиялық жағынан қолайлы болып келетін Күрішім ауданының тұрғындары жағдайымен салыстыра отырып зерттеу. Материалдар мен әдістер: Берілген зерттеудің дизайны көлденең болды. Алға қойған мақсатқа қол жету үшін біз Шығыс Қазақстан тұрғындары арасынан радиационды маршрутқа сәйкес зерттеу тобын жинақтадық. Абай ауданы бойынша іріктеме көлемі 222 адамды құрады, Бородулиха ауданы бойынша -233 адамды құрады, Күрішім ауданы бойынша (бақылау тобы) -245 адамды құрады. Депрессивті бұзылыстар мен мазасыздықты анықтау және ауырлығын бағалау үшін PHQ-9 және GAD-7 шкалалары сәйкесінше қолданылды нәтижелердің статистикалық өңделуі SPSS (Statistical Package for Social Sciences) бағдарламасының статистикалық пакеті Windows –ке арналған (ГМУ г.Семей) 20.0 нұсқасы көмегімен жүргізілді. Пирсон Хи-квадраты номиналды ауыспалылардың қос тәуелсіз топтарын салыстыруда қолданды. Мәнділік деңгейі 5 % болғанда топтар арасындағы айырмашылықтар дәйекті болып есептелінді. Нәтижелер:Үлкен депрессивті бұзылыстардың (ҮДБ) тарамдылығын PHQ-9 шкаласымен зерттеу бұзылыстың ең төменгі деңгейі (0-4 балл) Күрішім ауылының тұрғындары арасында (199 адам - 81,2%) Абай және Бородулиха аудандарымен салыстырғанда (65,7% және 65,8% сәйкесінше). Дәл сондай заңдылық ынсапты (10-14 балл), ауыр (15-19 балл) және өте ауыр (20-27 балл) депрессия деңгейінде байқалды: олардың жиілігі бақылау тобында негізгі топтармен салыстырғанда төмен болды. Зерттеу топтарындағы Жалпыланған мазасыздық бұзылысы (ЖМБ) Абай ауданы тұрғындары арасында да Бородулиха ауданының тұрғындары арасында бақылау көрсеткіштерімен салыстырғанда (23,2%,23,4%,13,1% ұстамды деңгейге сәйкесінше және 4,3%, 3,6%, 2,9% орташа деңгейдің мазасыздығына сәйкесінше) мазасыздықтың ұстамды және орташа деңгей көрсеткішінің айтарлықтай жоғарлауын көрсетті. Тұжырым: Зерттеуіміздің барысында алынған нәтижелер эколлогиялық қолайсыз аумақта ұзақ уақыт өмір сүру салдарынан сәулелену фактор әсеріне ұшырау радиациямен экспонатталған тұлғалар арасындағы үлкен депрессивті және жалпыланған мазасыздық бұзылыстарының таралу мен айқындылық көрсеткіштеріне жағымсыз әсер етеді деген гипотезаны растайды.
Көрген адамдардың саны: 498

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Семенова Ю.М., Пивина Л.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Адиева М.К., Шаханова А.Т., Жунусова T. Распространенность и степень тяжести депрессии и тревожности у жителей Восточно-Казахстанской области, в зависимости от факта подверженности облучению вследствие деятельности Семипалатинского ядерного полигона / / Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 115-124. Semenova Yu.M., Pivina L.M., Zhunussov Ye.T., Bulegenov T.A., Manatova A.M., Belikhina T.I., Adieva M.К., Shakhanova A.T., Zhunussova T. Prevalence and severity of depression and anxiety among residents of East Kazakhstan region depending on radiation exposure due to the activity of the Semipalatinsk nuclear test site. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 115-124. Семенова Ю.М., Пивина Л.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Адиева М.К., Шаханова А.Т., Жунусова T. Семей ядорлық полигон қызметі салдарынан Шығыс қазақстан облысының сәулеге шалдыққан тұрғындары арасында депрессия мен мазасыздықтың таралуы және ауырлық деңгейі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 115-124.

Авторизируйтесь для отправки комментариев