СЕМЕЙ ЯДОРЛЫҚ ПОЛИГОН ҚЫЗМЕТІ САЛДАРЫНАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СӘУЛЕГЕ ШАЛДЫҚҚАН ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА СОМАТОФОРМДЫ БҰЗЫЛЫСТАР МЕН ЖОҒАРЫ ҚАЖУДЫҢ ЖИІЛІГІ МЕН АУЫРЛЫҒЫ
Кіріспе: Қазақстан өнеркісіпті-дамыған мемлекетер қатарына жатады және аумағының көп бөлігі антропогенді және техногенді қауіп-қатер факторларының әсеріне ұшыраған, бұл өз кезегінде халық денсаулығына жағымсыз әсер ететін қолайсыз экологиялық ситуациялардың дамуына әкеп соқтырады. Семей ядорлық полигонында жүргізілген ядролық қарулардың сынақтары (ССЯП) мыңдаған адамдардың өмір сүріп отырған орталарының маңызды қолайсыз өзгенрістерін тудырды, олар енді радионуклидтермен ластанған аумақтарда өмір сүріп, шаруашылық қызметтерін іске асыруға мәжбүр. Радиацианың созылмалы уақытта, аз мөлшерде психикалық функцияға әсер етуі белгілі бір қызығушылықты тудырады. Ядролық қару сынағының адам денсаулығына айтарлықтай және қайтымсыз салдарлары туралы ақпараттардың таралу есебінен ластанған территориялар тұрғындарын стрестік ситуацияға батырды.
Мақсат: берілген зертттеудің мақсаты болып көп жылдық ССЯП-нының сынағынан зардап шеккен Абай және Бородулиха аудандарының тұрғындары арасындағы соматоформды бұзылыстар және жоғары мөлшерде қажудың таралуы мен ауырлығын экологиялық жағынан қолайлы болып келетін Күрішім ауданының тұрғындары жағдайымен салыстыра отырып зерттеу.
Материалдар мен әдістер: берілген зерттеудің дизайны көлденең болды. Зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысының үш ауданының тұрғындары арасында сұрау жүргізлді, олар: Бородулиха, Абай, Күрішім аудандары. Абай ауданы бойынша іріктеме көлемі 222 адамды құрады. Бородулиха ауданы бойынша-233, Күрішім ауданы бойынша(бақылау тобы ) -245 адам. Соматоформды бұзылыстардың болын және ауырлығын бағалау үшін PHQ-15 клиникалық шкаласы ал қажуды анықтау үшін Multidimensional Fatigue Inventory (MFI) қолданды. Нәтижелердің статистикалық өңделуі SPSS (Statistical Package for Social Sciences) бағдарламасының статистикалық пакеті Windows –ке арналған (ГМУ г.Семей) 20.0 нұсқасы көмегімен жүргізілді. Пирсон Хи-квадраты және Манна-Уитни критерилері екі топтың номиналды ауыспалы белгідерін салдыстыруда қолданды. Мәнділік деңгейі 5 % болғанда топтар арасындағы айырмашылықтар дәйекті болып есептелінді.
Нәтижелер: Соматикалық дистресстің тарамдылығын PHQ-15 шкаласымен зеррттеу бұзылыстың ең төмен деңгейі (0-4 балл) Абай ауданының тұрғындары арасында (72,1%) Бородулиха, Абай аудандары тұрғындарымен салыстырғанда (54,5% және 48,2%) жиірек кездесті.СД-нің төменгі деңгейінің жиілігінде Абай және Күрішім аудандарын салыстру барысында (р<0,001) сонымен қатар Абай және Бородулиха аудандарын салыстырғанда (р<0,001) айырмашылықтар мәнді болды. Бірақ Күршім және Бородулиха аудандарын салыстырғанда мәнсіз (р<0,171475) болды. Соматоформды бұзылыстардың жеңіл деңгейі (PHQ-15 шкаласы бойынша 5-9 балл) бақылау тобында (Күрішім ауданында) Абай және Бородулиха аудандарымен (50,2%; 23,6%; 41.9% сәйкесінше) салыстырғанда жиірек кездесті. Абай ауданының тұрғындары арасындағы белсенділіктің төмендеу жиілігі 10,098 құрады бұл қажудығ жоғарғы деңгейінің бар болуына күә, сол кезекте Бородулиха және Күрішім аудандарында бұл көрсеткіш айырмашылққа ие болмады сәйкесінше 8,184 және 8,158 құрады. Бұл ынсапты қажудың бар болуын сипаттайды.
Тұжырым: Зерттелген тұрғындардың психоэмоционалды статусы жалпы астенияның басымдылығымен, белсенділіктің төмендігімен, орташа деңгейдегі соматикалық симптоматиканың байқалуымен ерекшеленді, олар өз кезегінде тура «доза-эффект» байланысына ие болды яғни максималды жоғарғы сәулелену дозасын иеленген Абай ауданының тұрғындары арасында максималды айқын болды.
Көрген адамдардың саны: 927
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Семенова Ю.М., Пивина Л.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Аукенов Н.Е., Жунусова T. Частота и тяжесть соматоформных расстройств и повышенной утомляемости у жителей восточно-казахстанской области, подвергшихся облучению вследствие деятельности Семипалатинского ядерного полигона // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 125-134. Semenova Yu.M., Pivina L.M., Zhunussov Ye.T., Bulegenov T.A., Manatova A.M., Belikhina T.I., Aukenov N., Zhunussova T. Prevalence and severity of somatic distress and fatigue among residents of East Kazakhstan region exposed to radiation due to the activity of the Semipalatinsk nuclear test site. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 125-134. Семенова Ю.М., Пивина Л.М., Жунусов Е.Т., Булегенов Т.А., Манатова А.М., Белихина Т.И., Аукенов Н.Е., Жунусова T. Семей ядорлық полигон қызметі салдарынан Шығыс Қазақстан облысының сәулеге шалдыққан тұрғындары арасында соматоформды бұзылыстар мен жоғары қажудың жиілігі мен ауырлығы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 125-134.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ