ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ФИЛИАЛДАРЫ МАМАНДАРЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ПІКІРІ
Кіріспе: Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - ҚР ДСМ ҚДСК) «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ғы РМК (бұдан әрі - ҰСО) филиалдары мемлекеттің ҚР азаматтарына санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылығына және радиациялық қауіпсіздігіне кепілдік беруін қамтамасыз ету саласындағы зертханалық зерттеулерді орындайды [1]. МСЭҚ шеңберінде зертханалық бақылаудың негізгі тапсырыс берушілері ҚР ДСМ ҚДСК Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерге байланысты өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдардың рөлін және орнын анықтау қажет [,2,3,4]. Мақалада ҰСО филиалдары және ҚР ДСМ ҚДСК департаменттері мамандарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қызметі және оны ұйымдастыру жағдайы туралы пікірін зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Жұмыс мақсаты: ҰСО филиалдары және ҚР ДСМ ҚДСК департаменттері мамандарының зертханалық жабдықпен жарақтандыру, кадрлармен толықтырылу, ҰСО филиалдарының жүргізетін зерттеулер тізбесі жіне көлемі, ҰСО- ҚДСД сектораралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікірлерін зерттеу
Материалдар және әдістер: Социологиялық зерттеу ретінде ҰСО және ҚДСД филиалдары мамандарына сауалнама жүргізу қолданылды. Алынған деректерді талдау және өңдеу SPSS, MS Ехсеl компьютерлік программаларын қолдану арқылы жүргізілді.Зерттеудің статистикалық, әдісті қолданылды, t- Стьюдент критерийін қолдана отырып, интенсивтіліктің, экстенсивтіліктің статистикалық көрсеткіштері, салыстырмалы көрсеткіштерге арналған орташа қателікті және айырмашылықтар дұрыстығы есептелді. Алынған деректерге салыстырмалы талдау жасалды (сандық, сапалық, микрожүйелік).
Зерттеу нәтижелері: ҰСО филиалдарының қызметінде зертханалық жабдықпен қамтамасыз ету, кадрлармен толықтыру, жүргізілетін зерттеулер тізбесі және көлемі, ҰСО-ҚДСД өзара іс-қимыл жасауы бойынша проблемалы мәселелер анықталды.
Қорытынды: ҰСО филиалдары жүргізетін зерттеулердің тізбесі аз және сапасы нашар, заманауи жабдықпен қамтамасыз ету жеткіліксіз және кадрлардың кәсіби деңгейі төмен, зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу мерзімдерін қысқарту қажет және ҰСО-ҚДСД жүйесінде өзара іс-қимыл жасауды күшейту керек.
Көрген адамдардың саны: 732
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Бимуратова Г.А., Резник В.Л., Дурумбетов Е.Е., Касымов О.Т. Мнение специалистов филиалов Национального центра экспертизы и Департаментов Комитета охраны общественного здоровья о деятельности и состоянии организации санитарно-эпидемиологической экспертизы // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 153-163. Bimuratova G.A., Reznik V.L., Durumbetov Ye.Ye., Kassymov O.T. National Expertise Center branches and Departments of Public Health Protection Committee specialists opinions about the activities and status of sanitary and epidemiological expertise organization. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 153-163. Бимұратова Г.А., Резник В.Л., Дүрімбетов Е.Е., Қасымов Ө.Т. Ұлттық сараптама орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті департаменттерінің филиалдары мамандарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қызметі және оны ұйымдастыру жағдайы туралы пікірі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 153-163.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ