Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БОСАНУ ПАРИТЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУ БОЙЫНША ЖОҒАРҒЫ ҚАУІП ТОБЫНДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕ ГЕМОСТАЗДЫҢ КОАГУЛЯЦИЯЛЫҚ ЗВЕНОСЫ ЖАҒДАЙЫ
Кіріспе Акушерлік қан кетулер қазіргі акушерияның өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек және әлемнің көптеген елдерінде ана өлім-жітімідігінің негізгі себептері болып табылады. Қазақстан Республикасында осы патология бойынша өлім-жітім көрсеткішінде көпбосанған әйелдердің алатын орны ерекше. Қан кетудің 2/3 бөлігін, соның ішінде өмірге қауіпті қан кетулер гемостаз жүйесінің өзгерісімен байланысты. Зерттеу мақсаты акушерлік қан кету қаупі бар әйелдерде босану паритетіне байланысты гемостаздың коагуляциялық құрамбөлігін зерттеу. Әдістер 126 жүкті әйелге зерттеу жүргізілді, олардың қан кету бойынша қауіп тобына 96 жүкті әйел және жүктілігі мен босануы физиологиялық ағымдағы 30 жүкті әйел. Қауіп тобындағы жүкті әйелдер босану ағымына байланысты екі топқа бөлінді: негізгі және салыстырмалы. Негізгі топқа босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету болған 65 босанған әйел. Салыстырмалы топқа босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету болмаған қауіп тобына жататын 31 әйел кіргізілді. Барлық жүкті әйелдерге жүктіліктің 3 триместрінде, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде гемостаз жүйесін анықтау жүргізілді. Нәтижесі Акушерлік қан кетулерде жүкті әйелдерде активирленген ішінара тромбинді уақыттың (АЧТВ) шынайы қысқаруымен, ПТУ ұзаруы, салыстырмалы гиперфибриногенемиямен (р<0,001) гиперкоагуляциялық жағдаймен көрініс берген. Босану кезінде фибриноген, тромбоциттер, протормбинді уақыт және активирленген ішінара тромбинді уақыттың (АЧТВ) деңгейлерінің едәуір төмендеуімен гиперкоагуляциялық жағдай гипокоагуляциямен алмасқан (р<0,001), ТІШҚҰ созылмалы фазасының жедел фазаға ауысып клиникалық массивті қан кетумен көрініс берді. Босану паритеті жоғарылаған сайын айтылған өзгерістер айқын. Нәтижесін қорытындылау Босану паритеті жоғарылаған сайын босанғаннан кейінгі кезеңде коагулопатиялық қан кету қаупі жоғарылай түседі, осыған байланысты көп босанған әйелдерді осы патологияның дамуында қауіп тобына жатқызу қажет. Бұл осы контингенттегі әйелдерге акушерлік қан кету жағдайларында жедел көмек көрсетуде комплексті емдік шараларды қолдануда қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 1677


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бапаева Г. Б., Кулбаева С. Н. Состояние коагуляционного звена гемостаза у женщин группы риска при послеродовых кровотечениях в зависимости от паритета родов / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 1. С. 60-69. Bapayeva G. B., Kulbayeva S. N. Condition of coagulation hemostasis among women, who are in the risk group by postpartum haemorrhage depending on childbirths parity. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 1, pp. 60-69. Бапаева Г. Б., Кулбаева С. Н. Босану паритетіне байланысты босанғаннан кейінгі қан кету бойынша жоғарғы қауіп тобындағы жүкті әйелдерде гемостаздың коагуляциялық звеносы жағдайы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 1. Б. 60-69.

Авторизируйтесь для отправки комментариев