Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ВИЛЛЕБРАНД ФАКТОРЫН ТАЛДАУ ҮШІН РИСТОЦЕТИН: ОЛ БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?
Автор (лар): Кастаман К
Ристоцетин-кофакторлы талдау (ФфВ:RCo) Виллебранд (ВА) ауруын диагностикалау кезіндегі Виллебранд фоны факторының (ФфВ) белсенділігін бағалау үшін негізгі әдіс болып табылады. Алайда, осы талдау ФфВ төмен деңгейі кезінде жаман қайта өндірумен және кішкене сезімталдылықпен ерекшеленеді және көп еңбекті қажет ететін болып табылады. Осы еңбекте Lawrie авторластарымен ФфВ белсенділігін анықтау үшін жаңа иммунотурбидиметриялық талдаудың өнімділігін бағалады (INNOVANCE® VWFAc., Siemens Healthcare Diagnostics, Марбург, Германия). Осы талдауда ристоцетин мен тромбоциттер қолданылмайды және ФфВ GPIb байланыстыруды жақсартушы жасанды енгізілген мутациялармен тромбоциттердің рекомбинантты гликопротеин Ib (GPIb) фрагменттерімен ауыстырылған. Талдауда 50 қалыпты бақылау үлгілері, ВА –мен 80 пациент қанының үлгілері және гемолиздің, сарыаурудың немесе липемияның нышандарымен 50 үлгі қолданылған, оларды ФфВ:RCo тестінің тромбоциттеріне негізделген классикалық деректермен салыстырылды. ФфВ:RCo нәтижелерімен корреляция қанағаттанарлық болды, сол сияқты ФфВ:Ас және ФфВ:RCo ФфВ:Аг есептелген ара қатынасы ретінде. Алайда ФфВ айқындау шегі: ФфВ:RCo –пен салыстырғанда Ас төмен болды (тиісінше 3 Бірл/ұз және 5 Бірл/ұз). Авторлар ФфВ төмен концентрациясы кезінде ФфВ:RCo қарағанда жаңа талдау сенімді және сезімталдырақ болып табылады деген қорытындыға келді. Талдау мамандандырылған емес зертханаларда өткізу үшін қарапайым және көп еңбекті қажет етпейтін болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 351

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Эксперименталды медицина

Библиографиялық сілтемелер

К. Кастаман Ристоцетин для анализа фактора фон виллебранда: нужен ли он нам? // Наука и Здравоохранение. 2014.№ 2. С.20-22 K.Kastaman Hemophilia and Thrombosis Center, Department of Cellular Therapy and Hematology, San Bortolo Hospital, Vicenza, Italy// Nauka i Zdravookhranenie. 2014.№ 2. С. 20-22 К. Кастаман Италия, Сан-Бортоло ауруханасы, гемофилия және тромбоздар орталығы, клеткалық терапия және гематология кафедрасы Викенца // Ғылым және Денсаулық сақтау 2014.№ 2. С. 20-22

Авторизируйтесь для отправки комментариев