ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ БАР МИОКАРД РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ НАУҚАСТАРДА БҮЙРЕК ДИСФУНКЦИЯСЫНЫҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
Зерттеу мақсаты. Миокард реваскуляризациясын өткізген жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда бүйрек функциясының бұзылуының таралуын және оның болжамдық маңызынз ерттеу.
Материалдар мен әдістер. Кардиология бөлімінен 675 науқастың ауру тарихы туралы ретроспективті талдау жасалынды, онда тері арқылы коронарлық араласуы (ТКА) және немесе аортокоронарлық шунттау тарихы болды. Қауіпті факторлардың таралуы, коронарлық қан айналымының, жүректің құрылымдық және функционалдық өзгерістерінің ерекшеліктері зерттелді.
Статистикалық өңдеу SPSS 20.0 қолдану арқылы жүргізілді: сипаттамалық статистика, тәуелсіз үлгілер үшін Манна-Уитни U-тестілеуі, Х-квадрат, бір факторлы және көпфакторлы логистикалық регрессия арқылы орындалды. Салыстырмалы айнымалылар арасындағы айырмашылықтар p<0,05 кезінде елеулі деп саналды.
Нәтижелері. 163 (24,1%) науқаста бүйрек дисфукциясы (БД) анықталды, олардың жас мөлшері едәуір жоғары болды (р<0,001). Жүрек-қантамырлық қаупінің негізгі факторлары: артериялық гипертензия (АГ), қант диабеті (ҚД), миокард инфарктісі, жедел ми қан айналымының бұзылуы (ЖМҚБ) 14,2% жағдайында барлық себептерден өлім, БД тобында өлім-жітім көбірек анықталды, жоққа қарағанда (21,5% - 11,9%, p=0,002). Көп факторлы регрессиялық талдаудың нәтижесінде аурудың қолайсыздығына әсер ететін факторлар анықталды: жас (p<0,001), креатинин деңгейі (p=0,026),ФШСЖ (p<0,001).
Қорытынды. Бүйрек қызметінің бұзылысы миокард реваскуляризациясынан кейін жүректің коронарлық ауруларындағы теріс нәтижелеріңің басты тәуелсіз предикторларының бірі болыпт абылады.
Көрген адамдардың саны: 696
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Жунуспекова А.С., Мансурова Д.А., Абылхаирова А.К., Қаражанова Л.К. Прогностическое значение почечной дисфункции у больных ишемической болезнью сердца после реваскуляризации миокарда // Наука и Здравоохранение. 2019. 1 (Т.21).С. 42-49. Zhunuspekova A.S., Mansurova D.A., Abylkhairova A.K., Karazhanova L.K.. Prognostic value of renal dysfunction in patients with ischemic heart disease after myocardial revascularization. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 1, pp. 42-49. Жунуспекова А.С., Мансурова Д.А., Абылхаирова А.К., Қаражанова Л.К. Жүректің ишемиялық ауруы бар миокард реваскуляризациясынан кейінгі науқастарда бүйрек дисфункциясының болжамдық мәні // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 1 (Т.21). Б. 42-49.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ