Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БІРІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША САУДА ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Жүрек қызметінің тоқтауы үлкен қалалардағы шұғыл көмекті талап ететін ең маңызды себептердің бірі болып табылады. Жүрек қызметінің тоқтауы сауда орталықтары келушілермен, әуе жайда, бас бостандығынан айыру орындары, спорттық нысандар, қоғамдық көліктер стансаларында және күту үйлерінде болуы мүмкін. Шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша бірінші тренингке дейінгі және содан кейінгі білім деңгейін өлшеу жолымен сауда ортылығы қызметкерлерін оқытудың және автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалану тиімділігін бағалау ұсынылған зерттеу мақсаты болды. Материалдар мен әдістер: 01.01.2015 - 31.06.2015 мерзімде сауда орталығы қызметкерлері ерікті негізде бірінші медициналық көмек көрсету үшін Оқу – зерттеу госпиталында, Сисли Хамидие Етфаль атындағы жедел медициналық көмек Ауруханасында оқытудан өтті. Зерттеуге сауда орталығы еріктілерінен барлығы 332 қызметкер енгізілді. Тесталды және тесттен кейінгі сұрақтар, сондай–ақ бірінші көмек көрсету бойынша оқыту АНА 2010ж нұсқаулары негізінде ұйымдастырылды. Нәтижелері: Қатысушылардың орташа жасы 33,8±8,0 жасты құрады, осыдан 233 (70,2%) ер адамдар болды. Қатысушылардың 74,4% жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, 83,1% бөлмелерді жинаумен айналысатын қызметкерлер мен күзетшілер, 42,8% жоғары білім бар. Оқытудан кейін дұрыс жауаптар жиілігі барлық тестілік сұрақтарда статистикалық барынша өсті. Оқуға дейінгі болымсыз теріс корреляция және оқудан кейінгі күшті теріс корпреляция тестің жалпы баллымен және қызметкерлер жасы арасында байқалды. Содан басқа, қатысушылардың білім мәртебесі оқуға дейінгі және оқудан кейінгі қорытынды нәтижелермен корреляцияланды, ал жалпы баллдар жаттығуға дейін және жаттығудан кейін білім деңгейімен бірге артты. Қорытынды: Бірінші медициналық көмек көрсету қоғамдық орындарда, сол сияқты келушілер жүрегінің тоқтауы болуы мүмкін сауда орталықтарындағы өте маңызды шара болып табылады. Сонымен, бірінші көмек көрсету бойынша қызметкерлерді оқыту шұғыл жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз етуі мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 699

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Burak Celik, Derya Ozturk, Nikola Yapar, Ertugrul Altinbilek, İbrahim Ikizceli, Nazlı Celik, Murat Muratoglu, Gulsum Kavalci, Cemil Kavalci Оценка эффективности обучения сотрудников торгового центра по оказанию первой медицинской помощи // Наука и Здравоохранение. 2019. 1 (Т.21). С. 58-62. Celik Burak, Derya Ozturk, Nikola Yapar, Ertugrul Altinbilek, İbrahim Ikizceli, Nazlı Celik, Murat Muratoglu, Gulsum Kavalci, Cemil Kavalci Evaluation of the effectiveness of first aid training in shopping center employees. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 1, pp. 58-62. Burak Celik, Derya Ozturk, Nikola Yapar, Ertugrul Altinbilek, İbrahim Ikizceli, Nazlı Celik, Murat Muratoglu, Gulsum Kavalci, Cemil Kavalci Бірінші медициналық көмек көрсету бойынша сауда орталығы қызметкерлерін оқытудың тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 1 (Т.21). Б. 58-62.

Авторизируйтесь для отправки комментариев