ТАБАН ЖАЛПАҚ ТАБАНЫНЫҢ I ЖӘНЕ II ТИПІ БОЙЫНША HALLUX VALGUS ДЕФОРМАЦИЯСЫ БАР КӨЛДЕНЕҢ ЖАЛПАҚ ТАБАНДЫ ЕМДЕУ
Кіріспе: Табанның алдынғы бөлігінің статикалық деформациясы – ересектердегі табанның ортопедиялық патологиялардың 80% дейінгі мөлшерін құрайды. Бұл патология табанның алдыңғы бөлігінің ауырсынуымен, аяқ киім таңдаумен кію кезіндегі қыйындықтармен, еңбекке қабілеттіліктің және өмір сапасының төмендеуімен жүретін аяқтың барлық бөліктердің биомеханикасының айқын бұзылыстарын шақырады. Осыған байланысты табанның алдынғы бөлігінің статикалық деформациясын емдеудің технологиясын құрастыру hallux valgus, Metatarsusprimavarus және табанның орталық сәулелі план тарлы дефияциясын жою толықтай шешімін таппай қазіргі ортопедияның өзекті проблемасы және қоғамдық денсаулық сақтаудың сұранысына айналып отыр.
Мақсаты: Табанның көлденең жайылуының интраоперациялық түзетуіне және операциядан кейінгі кезеңде түзетілген қалыпта табан сүйектерін бекітуге арналған құрылғыны құрастыру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістемесі бір қатар кейстер. Осы жұмыста табанның көлденең күмбезін қалпына келтіру үшін операция аралық калпына келтіру құрылғысын пайдаланудың алдынала таяудағы нәтижелері ұсынылған. Оған 33 тен 66 жасаралығындағы 17 пациент алынды. Орта жас 53,9 құрады.
Нәтижесі: Табанның көлденең жайылуын интраоперациялық түзетуіне барлық науқастарға қолдануға қол жеткзілді. Түзетудің жоғалуы 1 жыл аралығында 2 мм ден аспады және науқастардың емінің натижесіне кедергісін тигізбеді. Hallux valgus барлық науқастарда жойылды және HVA бұрышы 5 тен 10 градус қадейін төмендеді. 1 жыл аралығында түзетудің жоғалуы біздің науқастарда шамамен 3 пен 5 градус аралығында болды және науқастардың емінің натижесіне кедергісін тигізбеді. Операциядан кейінгі кезеңде 1 ТФБ аймағындағы жараның шеткі некрозы 1 науқаста кездесті. Жара екіншілік бітісумен жазылды және науқастардың емінің натижесіне кедергісін тигізбеді. Біздің барлық науқастарда hallux valgus, metatarsusprimavarus, Табанның көлденең жайылуының, 1 ТКҚ артродезінің қалыптаспауы кездеспеді.
Қорытынды: Ұсынылған құрылғымен табанның көлденең жайылуын түзетуді клиникалық бағалау және бұрыштық тұрақтылығы бар пластинамен табанмен клинтәрізді сүйек қосылысын тұрақты бекіту құрылғыны пайдаланудың орындылығын көрсетті. Сонымен қатар бақылаудың қысқа мерзімін және іріктеудің аз санын ескере отырып алынған нәтижелер келесі зерттеулермен растауды қажететеді.
Көрген адамдардың саны: 639
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Жанаспаев А.М., Сорокин М.Н., Жанаспаев М.А., Бокембаев Н.А. Лечение поперечного плоскостопия с Hallux Valgus при I и II типе распластанности стопы // Наука и Здравоохранение. 2019. 1 (Т.21).С. 80-90. Zhanaspaev A.M., Sorokin M.N., Zhanaspaev M.A., Bokembaev N.A.Treatment of transverse flatfoot with Hallux valgus in type I and II foot flatness. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 1, pp. 80-90. Жанаспаев А.М., Сорокин М.Н., Жанаспаев М.А., Бокембаев Н.А. Табан жалпақ табанының I және II типі бойынша hallux valgus деформациясы бар көлденең жалпақ табанды емдеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 1 (Т.21).Б. 80-90.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ