2010 – 2015 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ГИПОСПАДИЯСЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНЕ ТАЛДАУ
Кіріспе Соңғы онжылдықтарда хирургиялық түзетудің әртүрлі әдістері гипоспадияны емдеу үшін кеңінен қолданылады. Осыған қарамастан, операциядан кейінгі ерте және кеш кезеңдерде әртүрлі асқынулар кездеседі.
Мақсаты Гипоспадияларды бір сатылы және қадамдық әдіспен хирургиялық емдеудің нәтижелеріне талдау жүргізу
Материалдар мен әдістер «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» және «Астана қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасында» 2010 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін үш айдан 17 жасқа дейінгі жастағы ұл балалардағы гипоспадияның хирургиялық емдеу нәтижелерінің уақытша көлденең зерттеуі жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде стационарлы науқастың медициналық карточкасы «медициналық анықтама Форма 003/у» алынды. Көшірілген деректер: жасы, жергілікті статус деректері, хирургиялық араласу әдістері, зертханалық және құралдық зерттеу деректері, осы медициналық мекемелерде емделген және операцияға дейінгі зерттеулерден өткен 304 стационарлық карталардан операциядан кейінгі асқынулардың түрлері. Науқастардың орташа жасы 66,9 ай, минималді 3 ай, максималды 204 ай. Соның ішінен бастапқы гипоспадиясы бар 179 науқастарға беттің шырышты қабығының, тілдің және терінің трансплантаттары қолданылып бір және екі сатылы уретропластика түрлері жасалды, еліміздің әр аймағынан жіберілген 113 науқасқа зәр шығару өзегінің реконструкциясы жасалды, жоғарғы тыныс жолдарының катаральді құбылыстарынан 13 науқас операциядан өтпеді.
Нәтижелері. Бастапқы гипоспадиясы 175 (57,6%) науқаста болды: соның ішінде дистальды формасы – 68 (22,3%), орташа – 59 (19,3%), проксимальды – 40 (13,1%), гипоспадиясыз гипоспадия – 8 (2,6%). Анамнезінде гипоспадияны түзетудің әртүрлі түрлері жасалған хирургиялық науқастар – 115 (37,8%) құрады.
Операциядан кейінгі асқынулардың саны: 56 (18,4%) науқаста уретралды-тері ауруы, 35 (11,5%) науқаста неомеатус дистопиясы байқалды, 23 (7,6%) науқаста «плюс ткань» түрінің деформациясы, 7 (2,3%) науқаста неоуретра стенозы кездесті.
Қорытынды Осылайша, операциядан кейінгі асқынулардың пайда болуы гипоспадияларды бағалаудың стандартталған тәсілдерін даярлау үшін зерттеулерді жүргізуді және уретропластика нәтижелерін жақсарту үшін хирургиялық емдеу әдістерін таңдауды ұсынады
Көрген адамдардың саны: 698
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Жаркимбаева А.Д., Дюсембаев А.А. Аубакиров М.Т. Анализ результатов хирургического лечения гипоспадии у детей за 2010 – 2015 годы // Наука и Здравоохранение. 2019. 1 (Т.21).С. 91-98. Zharkimbaeva A.D., Dyusembayev A.A., Aubakirov M.T. Analysis of the results of surgical treatment of hyposрadia in children for 2010 – 2015 // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 1, pp. 91-98. Жаркимбаева А.Д., Дюсембаев А.А. Аубакиров М.Т. 2010 – 2015 жылдар аралығындағы балалар гипоспадиясының хирургиялық еміне талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 1 (Т.21). Б. 91-98.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ