Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЛҚАНША БЕЗІ ІСІКТЕРІНДЕ Р53-БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ НӘРУЫЗ 1 ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ҚАЛҚАНША БЕЗІ КАНЦЕРОГЕНЕЗІНДЕ ГЕНОМДЫ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ. ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ
Кіріспе: Қазіргі таңда канцерогенездің молекулярлық-жасушалық механизмдерін зерттеуде үлкен қадамдар жасалды, әртүрлі локализациялық ісіктердің онкогендер мен антионкогендердің, оның ішінде қалқанша безінің қатерлі ісігінің дамытудағы рөлі анықталды. Қалқанша безінің ісігі мен қатерлі ісіктерінің басым көпшілігі әр-түрлі дәрежелі дифференциациялық, морфогенетикалық және биохимиялық ерекшеліктері, клиникалық ағымы және болжауы фолликулярлық эпителийден дамиды. Мақсаты: Қалқанша безінің канцерогенезінде генетикалық тұрақсыздықты белсендіру туралы ғылыми ақпараттарды іздестіруді жүргізу. Іздеу стратегиясы: Дерек көздерін іздестіру PubМed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/) негізінде жүргізілді, арнайы Google Scholar іздеу жүйесі және CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасы арқылы жүзеге асырылды. Іздеу тереңдігі 13 жыл болды: 2004 жылдан 2017 жылға дейін. PubМed-те мынадай негізгі түйінде сөздер қолданылды: adenoma, oncocytes, expression, thyroid, 53BP1. Қосу критерийлері: толық мәтінді қол жетімді жарияланымдар; жақын және алыс шет елдерде жүргізілген зерттемелер бойынша ағылшын, орыс тілдеріндегі мақалалар. Алу өлшемдері: жалғыз жағдайларды сипаттайтын мақалалар; 1991 жылға дейін жарияланған мақалалар; есептер жиынтығы. Барлығы 1533 дерек көзі анықталды, олардың 75-і талдау үшін алынды. Іздеу нәтижелері: Әдеби деректерді талдау бойынша фолликулярлық аденома (FA) қалқанша безі ісіктерінің ең таралған түрі және ересек тұрғындардың 4-7% -ында кездесетіндігін көрсетті [12]. Фолликулярлық аденома интакты мүшелерде, кез-келген патологиялық өзгерістерде, әсіресе түйнді зобта және созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің фонында дамиды [49]. Гюртле-жасушалық ісіктерін зерттеудің ең күрделі аспектілерінің бірі - зақымданудың қатерлі ісік немесе қатерлі емес екендігін анықтау. Бастапқыда, Гюртле жасушасы қалқанша безінің фолликулярлық-эпителий жасушасындағы қартаю өзгерістерінің нәтижесі деп есептелді, себебі Гюртле жасушалары қарттарда жиі кездеседі. Бәлкім, бұл болжам ақиқаттан алыс емес. Гюртле жасушалары фолликулярлық жасушалардан гөрі белсенді емес, себебі, оларда триоглобулиннің өндірілуі шектелген. Сонымен қатар, олар тотығу ферменттерінің жоғары деңгейін көрсетеді [41]. Көптеген зерттемелер бойынша қалқанша безі неоплазияларының барлық түрлері онкоцитикалық компоненттерге ие екендігін көрсетті. Атап айтқанда, Trovisco V et al. (2004 ж.) BRAF FV600E мутациясы PTCs көптеген қарапайым түрлерінде және PTC-ның онкоцитарлық түрлерінде табылғанымен, бұл аномалия папиллярлы онкоцитарлы фолликулярлық түрлерінде анықталмаған [65,66]. Іздеу нәтижелерін талқылау: Қалқанша безінің онкоцитарлық фолликулярлы аденомасын болжауды жақсарту үшін дәстүрлі әдістермен бірге молекулярлық генетика әдістерін қосу қажет, себебі олар өзгертілген ДНҚ құрылымының деңгейінде ауруларды диагностикалауға, тұқымқуалаушылық бұзылулардың локализациясын анықтауға мүмкіндік береді. Молекулалық генетикалық әдістер тіпті бір/ жалғыз құрылымын ауыстыруымен байланысты мутацияны анықтай алады.
Көрген адамдардың саны: 492

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Козыкенова Ж.У., Жетписбаев Б.А., Нурмадиева Г.Т., Уразалина Н.М., Ибрагимова Л.А. Формирование очагов Р53 связанного белка 1 в опухолях щитовидной железы: активация генетической нестабильности в течении канцерогенеза щитовидной железы. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2019. 2 (Т.21). С. 25-37. Коzykenova Zh.U., Zhetpisbaev B.А., Nurmadieva G.Т., Urazalina N.М., Ibraqimova L.А. Formation of foci of P53 bound protein 1 in thyroid tumors: activation of genetic instability during thyroid carcinogenesis. Literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 2, pp. 25-37. Козыкенова Ж.У., Жетписбаев Б.А., Нурмадиева Г.Т., Уразалина Н.М., Ибрагимова Л.А. Қалқанша безі ісіктерінде р53-байланыстырушы нәруыз 1 ошақтарының қалыптасуы: қалқанша безі канцерогенезінде геномды тұрақсыздықтың белсенділігі. Әдебиеттерді шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 2 (Т.21). Б. 25-37.

Авторизируйтесь для отправки комментариев