РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ ЖӘНЕ ФЕРТИЛЬДІК ҚАБІЛЕТІ: ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ
сонымен қатар науқастардың арасында репродуктивті жастағы әйелдер ер адамдарға қарағанда 3 есе көп науқастанады. Өкінішке орай, босану мәселесі аурудың белсенділігіне ғана емес, сондай-ақ кешенді медициналық көмекке және фармакологиялық емдеу әдістерін білуге де байланысты болуы мүмкін. Сондықтан көптеген әйелдер жүктілікті, босануды және лактацияны жоспарлау туралы жеткілікті ақпаратты табуға тырысады.
Аталған мәселелерді шешу үшін, қол жетімді және кең ауқымды фармакотерапияны таңдау мүмкіншілігі, жүктілікке дейінгі және жалпы жүктілік кезіндегі физикалық жағдайды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді, бірақ жүктілік және лактация кезінде аталған фармакотерапия қаншалықты қауіпсіз әрі қандай тәуекелдер барын толық әрі терең қарастыруды талап етеді.
Мақсаты: Ревматоидты артритпен науқастардың фертильдік қабілеті туралы әдебиеттерді іздеу және шолу.
Іздеу стратегиясы: Дерек көздерін таңдау және жинақтау үшін PubMed (MEDLINE) дерекқорының әдебиеттерінен түйінді сөздерді еңгізу арқылы жүргізілді. Іріктеу критерилері: үлкен популяцияларда, жүйелі шолуларда, мақалалардың толық нұсқаларында жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулерден алынған есептер, сондай-ақ нақты тұжырымдалған және статистикалық дәлелденген тұжырымдары бар ағылшын тілдегі жарияланымдар. Ерекшелік критерийлері: оқшауланған жағдайларды сипаттайтын мақалалар, есептердің жиынтығы, жеке хабарламалар мен газеттер басылымдары, рефераттар, жеке хабарламалар.
Іздеу нәтижесі: Әдеби шолуда әйелдерге көмек көрсетуде кездесетін әртүрлі жағдайлық мәселелер сипатталады. Қазіргі заманғы дәлелді шешімдер қаралды, РА-пен жүкті және бала емізетін әйелдерге қамқорлық жасауға көмектесу үшін ауруды модификациялаушы антиревматикалық препараттар мен биологиялық жауапты модификаторларының қауіпсіз пайдаланылуына назар аударылды.
Қорытынды: Өкінішке орай, РА науқастарында фертильдік қабілеті туралы мәселесі аз зерттелген. Сонымен бірге, РА бар әйелдерде жүктіліктің қаупі жоғары, сондықтан асқынуларды азайту үшін мұқият пренатальдық және
босанғаннан кейінгі мониторинг жүргізу қажет. Жүктілік алдында фармакотерапияны және ревматоидті артрит толық клиникалық ремиссиясын ескере отырып, мұқият жоспарлау керек.
Осы кезде, препараттар пайдалыну және қосалқы аурулардың болуына қатысты деректерді тексеру үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет
Көрген адамдардың саны: 752
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мысаева Г.М., Горемыкина М.В., Манабаева Г.К. Ревматоидный артрит и фертильность: обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2019. 2 (Т.21). С. 38-43. Myssayeva G.M., Goremykina M.V., Manabayeva G.K. Rheumatoid arthritis and fertility: literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 2, pp. 38-43. Мысаева Г.М., Горемыкина М.В., Манабаева Г.К. Ревматоидты артрит және фертильдік қабілеті: әдебиеттерді шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 2 (Т.21). Б. 38-43.Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ