БІРІНШІЛІК МЕДИКО-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ЖҮРЕКШЕЛЕР ЖЫБЫРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФАКТОРЛАРЫ
факторы болып табылады. ЖЖ біріншілік алдын алу денсаулық сақтауда ауыртпалықты азайтады және науқастардың болжамын жақсартады.
Мақсаты: Біріншілік медико-санитарлық көмек беру (БМСК) деңгейінде жүректің коронарлық ауруынсыз АГ бар науқастардағы ЖЖ-мен байланысты қауіп факторлары және олардың таралуын бағалау.
Материалдар мен әдістер: Бір мезгілдік зерттеуге 2018 жылдың қаңтар айы мен қыркуйек айы аралығында (n=1121) БМСК клиникасына келген 40 жастан бастап АГ бар науқастар кірді. Еңгізбеу критерийлері: ЖКА, қалқанша безі қызметінің бұзылуы, ауыр ағымдағы соматикалық аурулар. ЖЖ предикторлары ретінде науқастың жасы, жынысы, бойының ұзындығы, салмағы, систолалық, диастолалық және пульстік артериялық қан қысымы, темекі тарту статусы, қант диабеті (ҚД), жалпы холестерин, сары судағы креатинин мөлшері қарастырылды. Аталған предикторлар және ЖЖ арасындағы байланыс көп факторлы логистикалық регрессиялық анализді қолдану арқылы зерттелді. ЖЖ-ң таралуымен мүмкіншілік қатынасы (МҚ) 95% сенімділік интервалымен көсетілді (СИ).
Нәтижелер: ЖЖ-ң таралуы 4,7% құрады (95% СИ: 3,60-6,10). ҚД (МҚ=2,80; 95% СИ: 1,40-5,58), 60-69 жас аралығы (МҚ=4,18; 95% СИ: 1,32-13,26), 70 жас және одан жоғары (МҚ=27,68; 95% СИ: 7,40-103,52), темекі тарту (МҚ=5,99; 95% СИ: 2,62-13,70), мықын өлшемі (МҚ=1,07; 95% СИ: 1,04-1,10), бойының ұзындығы (МҚ=1,09; 95% СИ: 1,03-1,15) ЖЖ-мен мәнді байланыста. Әйелдер арасында ЖЖ-ның таралуы төмен (МҚ=0,11; 95% СИ: 0,04-0,32). ROC қисығы астындағы модель ауданы 87,3% құрады (p<0.001). Оның сезім талдығы мен арна малығы 88,7% және 69,5% сәйкесінше.
Қорытынды: ЖКА артериялық гипертензиясы бар науқастарда ЖЖ-ның таралуы жалпы жиі. ҚД, 60-69 жас аралығы, 70 жас және одан жоғары, темекі тарту, абдоминальды семіру және бой ұзындығы ЖЖ-мен мәнді байланыста. ЖЖ әйелдер арасында таралуы азырақ. АГ бар науқастарда, әсіресе ер адамдар арасында ЖЖ дамуын азайту үшін, АҚҚ бақылаумен қатар ЖЖ-ң көрсетілген қауіп факторларын бақылаудыда қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 510
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Тлегенова Ж.Ш., Жолдин Б.К., Кудайбердиева Г.З., Абдрахманов А.С., Гржибовский А.М. Распространенность фибрилляции предсердий и ассоциированные факторы у больных артериальной гипертензией в условиях первичной медико-санитарной помощи // Наука и Здравоохранение. 2019. 2 (Т.21).С. 44-54. Tlegenova Zh.Sh., Zholdin B.K., Kudaiberdieva G.Z., Abdrakhmanov A.S., Grjibovski A.M. Prevalence of atrial fibrillation and its correlates in hypertensive patients without coronary heart disease in primary care setting // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 2, pp. 44-54. Тілегенова Ж.Ш., Жолдин Б.К., Кұдайбердиева Г.З., Абдрахманов А.С., Гржибовский А.М. Біріншілік медико-санитарлық көмек беру деңгейінде артериялық гипертензиясы бар науқастардағы жүрекшелер жыбырының таралуы және байланысты факторлары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 2 (Т.21). Б. 44-54.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ