Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БІР ЖАҚТЫ ЖҰЛЫН АНЕСТЕЗИЯ ӘДІСІН ЖЕТІЛДІРУ, АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Бір жақты немесе басқаша, монолатеральды жұлын анестезиясы (БЖЖA /МЖА) аяққа жасалынатын біржақты операциялар үшін анестезия әдістерінің бірі болып табылады. Алайда, бұланестезияның кемшіліктері де бар. Анестезияның осы түрін бағалауда негізгі критерийлерінің бірі- эффективті монолатеральды блокадалардың жиілігі,әртүрлі авторлардың пікірінше, 13% -дан 94% -ға дейін өзгереді. Мұндай айырмашылық, әрине, анестезияның «сенімді» әдісінің өлшемі емес және көптеген жағдайларда оны жүзеге асыру әдісімен түсіндіріледі. Соңғы жылдары Мамыров Д.У. авторларымен, электронейростимуляцияны қолдану арқылы (МСА + ЭНС) монолатеральды жұлын анестезиясының жаңа бірегей әдістемесі ұсынылған, рег №26023 ((19)KZ(13)А4(11)26023), бірақ оның тиімділігі мен қауіпсіздігі толығымен зерттелмеген. Мақсаты. Клиникалық жағдайларда қарапайым монолатеральды жұлын анестезиясының (МСА) тиімділігі мен қауіпсіздігін және электронейростимуляция қолдануымен (МСА + ЭНС) монолатеральды жұлын анестезиясын салыстырмалы зерттеу жүргізү. Материалдар мен әдістер. Бұл жұмыс PhD диссертация аясында жүзеге асырылды. Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының жағдайында, шілде айынан қыркүйек айына дейін 18 науқасқа ота жасалды, варикоз ауруына, аяқтардың терең тамырларындағы тромбоздарында және аяқтардың біреуінің ампутациясына байланысты жүргізілді. Олардың ішінде 7 науқасқа MCA + ЭНС (негізгі топ), 11 науқаста жалпы МСА (салыстырмалы топ) болды. Зерттеу дизайны - соқыр, рандомизацияланған, клиникалық бақылаулы зерттеу. Статистикалық деректерді өңдеу үшін, Шапиро-Уилк, Ливиня критерийі, тәуелсіз үлгілер үшін Стьюдент t-критерийі, Мозес түзетуімен U-Манн Уитни және Хи-квадрат тесті дихотомдық деректерді талдау үшін пайдаланылды. Нәтижелері: Зерттелген топтар M = 1.56 (SD = 0.5), M = 50.7 (SD = 8.7), ДСИ M = 25 (SD = 5.2) ASA M = 2.4 (SD = 0.5). Екі топта да гемодинамикалық параметрлерде статистикалық маңызды айырмашылықтар болмады, сондықтан МСАD1 = 103 (SD = 4.6), t = 1.43 df = 16 p> 0,05; МСАD2 = 99 (SD = 6.6), t = 1.55 df = 15.7 p> 0,05. Сонымен қатар сенсорлық және моторлы блоктың көрсеткіштері әр түрлі. Осылайша, негізгі топтағы анестезия барлық науқастарда науқастарда эффективті болды, салыстыру тобында 4 (36%) науқасқа анальгетиктерді қосымша енгізу қажет болды. Салыстыру тобында 2 (18,1%) науқаста екі жақты анестезия байқалды. Сонымен қатар салыстырмалы топтағы 2 (18,1%) науқаста жүрек айнуы, құсу болған жоқ. Операциядан кейінгі кезеңде негізгі топтағы науқастарда бас ауруы байқалған жоқ, салыстырмалы топтағы 2 (18,1%) науқаста, 2 күннің ішінде пункция кейінгі бас ауруы байқалды. Қорытындылар: Алынған нәтижелер МСА + ЭНС әдісін қолдану орындылығын растайды, себебі бұл әдіс қозғалтқыш реакциясы арқылы ұзақ уақыттық пункцияны объективті бақылауға мүмкіндік береді. MCA + ЭНС әдісі инелерді субарахноидальды кеңістікте қозғалуын тоқтатуға мүмкіндік беріп, осылайша жұлын миын жарақат алу жиілігін азайтады, ол бастапқыда бір жақты омыртқаның блоктарын алу мүмкіндігін арттырады. Осылайша, бұл әдіс дәстүрлі монолатеральды жұлын анестезиясымен салыстырғанда бізге тиімді және қауіпсіз болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 463

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Мамыров Е.Д., Мамыров Д.У., Сыздыкбаев М.К., Йошихиро Носо. Усовершенствованный метод односторонней спинальной анестезии, предварительные результаты // Наука и Здравоохранение. 2019. 2 (Т.21). С. 67-75. Mamyrov Ye.D., Mamyrov D.U., Syzdykbayev M.K., Yoshihiro Noso Optimized method of unilateral spinal anesthesia, preliminary results. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 2, pp. 67-75. Мамыров Е.Д., Мамыров Д.У., Сыздыкбаев М.К., Йошихиро Носо. Бір жақты жұлын анестезия әдісін жетілдіру, алдын ала нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 2 (Т.21). Б. 67-75.

Авторизируйтесь для отправки комментариев