ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ГОСПИТАЛЬДЫҚ БАҒАЛАУ: БІР ҰЙЫМНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе. Соңғы екі онжылдықта медициналық технологияларды госпитальдық бағалау жүйесін (МТБ) енгізуі мен
пайдалануы әлемде медициналық ұйымдардың практикасында, әсіресе Еуропа елдерінде және АҚШ-та кең
таралған, басқару шешімдерін қабылдау саласында ауруханалық менеджменттің тиімді құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында медициналық технологияларды бағалау жүйесін енгізуі 2009 жылы басталғанына
қарамастан, госпитальдық МТБ қазіргі уақытта дамудың бастапқы кезеңінде, онда Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы осы жүйені енгізу мен пайдаланудың алғашқы
мысалдарының бірі болып табылады, ол госпитальдық МТБ жөніндегі бөлімді өз құрылымына 2015 жылы қосты.
Осы зерттеудің мақсаты Аурухана практикасында жаңа медициналық технологияларды (инновацияларды)
енгізу және пайдаланудың орындылығы туралы негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін
госпитальдық МТБ бойынша есеп нәтижелерін пайдалану тиімділігін талдау және бөлім дамуының негізгі
кезеңдерін ұсыну болып табылады.
Материалдар мен әдістер. Бөлімнің қызметі мен даму кезеңдері туралы ақпарат Аурухананың ішкі
құжаттарынан алынды. Госпитальдық МТБ бөлімі мен Аурухана әкімшілігі ұсынған деректер Аурухана
практикасына жаңа медициналық технологияларды енгізу туралы қабылданған басқарушылық шешімдердің
салыстырмалылығын және жүргізілген МТБ ұсынымдарын растау үшін талданды.
Тиімсіз медициналық технологияларды енгізуден бас тарту есебінен шығындарды үнемдеуді бағалау үшін
қажетті деректер Аурухананың госпитальдық ақпараттық жүйесінен және Қазақстанда медициналық жабдықтарды
өндірушілер мен дистрибьюторлар ұсынған деректерден алынды.
Нәтижелері. 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 4 жылдық кезеңде бөлім госпитальдық МТБ бойынша 55
шағын-есеп дайындады. Он жеті медициналық технологиялар (31%) Аурухананың практикасына енгізуге және
қолдануға ұсынылған жоқ. Оның ішінде 16 технологияны енгізуден бас тарту 287 290 000 теңгені үнемдеуге
мүмкіндік берді. Енгізуге ұсынылған 38 медициналық технологиялардың 29-ы (76%) Аурухана практикасына
енгізілді, 2 119 пациентке диагностика және емдеу жүргізілді. Жеті технология 2019-2020 жылдарға арналған жаңа
технологияларды енгізу Жоспарына енгізілді. Енгізілген 29 медициналық технологиялардың он екісі қосымша
инвестицияларды талап еткен жоқ. Қалған 17 енгізілген технологиялар үшін инвестициялардың өтелу мерзімі сегізі
үшін 3 жылдан аспайды, жетісі үшін 5 жылдан кем және екі технология үшін 10 жылдан астам.
Қорытындылар. ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасында госпитальдық МТБ бойынша бөлімнің
ашылуы практикаға әртүрлі медициналық технологияларды енгізу және пайдаланудың орындылығы туралы
негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болды; медициналық ұйымның стратегиялық және
инновациялық дамуының негізгі бағыттарын анықтау; және ауруханалық менеджментті жақсарту.
Көрген адамдардың саны: 649
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Авдеев А.В., Табаров А.Б., Бенберин В.В., Шаназаров Н.А., Каптагаева А.К., Жанабекова Л.Ж., Гизатуллина А.М., Жумагали Е.Е., Макалкина Л.Г., Сейдалин Н.К. Қазақстандағы медициналық технологияларды госпитальдық бағалау: бір ұйымның 4 жылдық тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 2 (Т.21). Б. 98-107.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ