СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ ЕКІ ҚАРЫНШАЛЫҚ СТИМУЛЯЦИЯНЫҢ ОРЫНЫ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе: Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) - заманауи кардиологияның аса маңызды мәселелерінің бірі. Оның еміндегі нәтижелі әдіс, жүрекше-қарыншалық стимуляциямен жүзеге асырылатын – жүректік ресинхронды терапия (ЖРТ).
Зерттеу мақсаты: Миокард диссинхрониясының, СЖЖ-мен науқастардың клиникалық жағдайына әсері, оны анықтау әдістері, рефрактерлі ағымды СЖЖ-мен науқастар еміндегі ЖРТ-ң нәтижелілігі және қауіпсіздігі жөніндегі әдеби ақпараттарды талдау.
Зерттеудің материалдары мен әдістері: Іздеу стратегиясы: PubMed, Scopus, Web of Science, Google Scholar жүйелеріндегі, ЕLIBRARY.ru, СyberLeninka электронды ғылыми кітапханаларында жарияланған – ғылыми мақалалар. Іздеу ауқымы 17 жыл (2001 - 2018). Қосу критерийлері: созылмалы жүрек жетіспеушілігі, миокард диссинхрониясы, екі қарыншалы стимуляция, Гисс шоғырының сол аяқшасының блокадасы кілтті сөздерін қолданумен, науқастардың үлкен популяциясында жүргізілген проспективті зерттеулер қорытындысы, мета - анализдер жəне əдеби шолулар нәтижесі. Іздеу барысында, рефрактерлі ағымды СЖЖ-мен науқастар еміндегі ЖРТ-ң нәтижелілігі және қауіпсіздігі, миокард диссинхрониясының туындау механизмі және оның СЖЖ ағымына әсері, оны анықтау әдістері, қарыншаішілік диссинхрония кезіндегі ЖРТ-ң электрофизиологиялық негіздері, сол қарыншалық электродты орналастыру әдістері жөніндегі ақпараттар қарастырылып, талданды.
Зерттеу нәтижесі: ЖРТ-ны қолдану, сол қарыншаның (СҚ) айқын систолалық дисфункциясымен және қарыншааралық немесе қарыншаішілік миокард диссинхрониясы бар СЖЖ-мен науқастарда клиникалық белгілердің, ауруханаға жату жиілігінің және өлімділіктің азаюына, өмір сапасының жақсаруына алып келді. Рефрактерлі СЖЖ-мен науқастар емінде ЖРТ қолданудың айқын артықшылықтарына қарамастан, бұл емдеу әдісінің клиникалық нәтижелілігін бағалауда, әртүрлі клиникалық зерттеулердің қорытындыларында қарама-ұайшылыұтар кездеседі. Әртүрлі ақпараттар көзіне сәйкес нонреспондерлер 20-30% құрайтыны анықталған.
Қорытынды: ЖРТ жүзеге асыру үшін, қарапайым әдістермен науқастарды дұрыс таңдаудың тәжірибелік маңызы зор. Ол, көптеген емдеу мекемелеріне және мамандар үшін қол жетімді әдістер. ЖРТ-дан кейін ЭХоКГ көмегімен, науқастардың көпшілігінде, миокардтың кері модельденуі – аластау фракциясының жоғарылауы және жүрек камераларының кішіреюі байқалады. ЖРТ-ға оң жауаптың болмауының себептері: науқастарды таңдау талаптарының жетілдірілмеуі, миокардтың фиброзды зақымдалуының көлемділілігі, құрылғы бағдарламасының дұрыс таңдалмауы, қарыншалық электродтардың дұрыс орналастырылмауы және нағыз екі қарыншалы стимуляцияның пайыздық көрсеткішінің төмендігі.
Көрген адамдардың саны: 713
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Сабитов Е.Т., Дюсупов А.А., Абдрахманов А.С., Орехов А.Ю. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі екі қарыншалық стимуляцияның орыны: әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 5-19.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW