БАЛАЛАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕНІҢ РӨЛІ
Кіріспе: Көптеген елдер балаларды вакцинациялау мәселелерімен қамтамасыз етілген. Егілмеген балаларда пайда болатын жұқпалы асқынулар елдегі жағдайдың қаупі болып саналады, сонымен қоса иммунитеттің тиімсіздігінен популяция ішінде бұл проблемалар кең таралады. Сондықтан, мейірбикелер қызметінің халықты жаппай иммунизациялаумен қамту мәселелерін атқарып келеді, мейірбикелер көбінесе вакцинацияны ұйымдастыру процесіне жауапты маман ретінде және вакциналардың алдын алу тиімділігі мен олардың қауіпсіздігі мәселелеріне, ата-аналарды мен қамқоршыларды ағартуда ісіне тарту да мейірбикелердің мойнында.
Зерттеудің мақсаты: балалар арасында вакцинацияны жаппай жүргізу мейірбикенің рөлін анықтаудың халықаралық тәжірибесі туралы әдеби деректерді талдау.
Іздеу стратегиясы: қойылған мақсаттарды барынша қамту мақсатында біз әдебиет көздеріне шолу жасадық. 2000 жылдан бастап Cinahl, Google Scholar, PubMed, eLibrary, WHO, Cochrane Library, TRIP деректер базасынан 45 толықмәтінді ағылшын және орыс тілді басылымдарға талдау жүргізілді. Іздеу үшін келесі іздеу сұраулары пайдаланылды: "Nurses, vaccine, history / evolution", "nursing, vaccination, epidemiology", "Perception, nursing profession, future", "Career development, nursing, perception", "nurses, children/age all child, knowledge / approach / attitude / organization". Дереккөздердің релеванттылығы тақырыптарды оқу арқылы бағаланып, абстрактпен / аннотациямен танысты.
Зерттеу нәтижелері: табылған жариялар балаларды вакцинациялау кезінде мейірбикенің рөлі туралы түрлі көптеген мәліметтерден тұрды. Вакцинация жүргізудің маңыздылығын растайтын мақалаларға талдау жүргізілді, бұдан әрі вакцинация мен коммуникативтік дағдылардың маңыздылығын түсіну үшін мейірбикелерді оқыту қажеттілігі және ата-аналар мен қамқоршылардың жүргізілген вакцинацияның маңыздылығын түсінудегі мейірбикенің рөлін анықтау қажеттігі анықталды. Шетелдік әдебиетке шолу вакцинациялау қажеттігіне, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты пікірлер қарама-қайшы болды. Кейбір мақалаларда авторлар мейірбикелер арасында вакцинация жасауға дайын екендігін, олардың халық арасында оң ағартушылық рөлін атқарғанын атап өтті. Екінші жағынан, мейірбикелер вакцинацияны ұсыныс ретінде қарастырмай, өз денсаулығы үшін жауапкершілік шеңберінде ерік білдіру актісі ретінде қарастырады. Бұл әдеби шолу вакцинация болжамының жеткіліксіз, қолайсыз және шет елдерде де, сондай-ақ біздің елімізде де балалар халқын иммундауды ілгерілету бойынша мейірбикелік іс мамандарының жетекші рөлін белгілеуге көмектеседі.
Қорытынды: қазіргі таңда халық арасында вакцинацияны жүргізу мәселелерінде мейірбикенің рөлі туралы түсінік жеткіліксіз, ал мейірбикелік іс маманының жаппай иммундауды қамтуға әсерін зерттеу қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 658
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мамедалиева А.А., Жакупова М.Н., Оспанова Д.А. Балаларды вакцинациялау кезіндегі мейірбикенің рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 20-29.Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ