Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
НЕОНАТАЛДЫ КЕЗЕҢДЕГІ СОЗЫЛМАЛЫ САРГЫШТАНУЫ АУРУЫНЫҢ БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХО-МОТОРЛЫ ДАМУЫНА ӘСЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Соңғы жылдары жетілген балалардағы созылмалы сары аурулардың жиі орын алуы туралы мақалалар анағұрлым жиі кездесуде, бұл билирубинді энцефлопатияны, Балалар Церебральды Сал Ауруы (БЦА) бар орталық сары ауруды қоса алғанда, өмірінің алғашқы жылында балалардың орталық жүйке жүйесіне зақым келтірудің ықтимал жасырын салдарын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеуді талап етіп отыр. Мақсаты. Неонаталды кезеңдегі созылмалы сары аурумен ауырған, бір жасқа толмаған балаларда психикалық-моторлық дамудың бұзылуына заманауи әдебиет деректерін және ықтимал клиникалық нұсқаларды талдау. Іздестіру стратегиясы. Осы баптың материалдарында неонаталды кезеңдегі созыл-малы сары аурудың ағымы мен салдарын сипаттайтын, PubMed,Web of science, Cochrane library, Google Scholar, e-library, ciberleninka.ru, dissercat.com базаларынан алынған 28 ағылшын және орыс тілдеріндегі деректер және басқа ашық көздерден алынған 7 мақала зерделенді. Іздестіруге жетіліп туылған балалардағы осы проблеманың клиникалық аспектілерін сипаттайтын, соңғы жиырма бес жыл ішіндегі түпнұсқалы толық мәтінді мақалалар енгізілді. Талдаудан баяндамалар түйіндемесі, газет мақалалары және жеке хабарлар, сондай-ақ шала туылған балалардағы неонаталды сары аурудың ағымы мен салдары сипатталған толық мәтінді мақалалар алынып тасталды. Нәтижелер. Әдеби шолуда созылмалы сары аурудың немесе ауыр гипербилирубин-емиялардың ағымдары мен салдарын зерттеудің ретроспективті, проспективті нәти-желері мен жағдайды бақылауы жарияланған, Америка Педиатрия Академиясының, NICE-тың неонаталды сары ауруды жүргізу жөніндегі нұсқаулығы, жақын шетел мен Қазақстан авторларының монографиялары мен рефераттары қаралды. Сенсоневральды саңыраулық, зиткерліктің төмендеуі, эмоционалдық-еріктік саланың бұзылуы, дене мен психикалық-моторлық дамудың бұзылулары түріндегі созылмалы сары аурудың салдары жөнінде деректер табылды. Қорытынды: Созылмалы сары ауру орташа және төмен кіріс деңгейі бар елдерге тән. Созылмалы сары аурудың этиологиялық даму факторларының қлттық және елдік ерекшеліктері бар. Едәуір гипербилирубинемия дамуының қауіп факторы азиялық популяцияға тиесілі. Созылмалы сары ауру нәрестенің барлық органдары мен жүйелеріне әсер етеді. Ұлттық гипербилирубинемия тіркелімін жүргізу және NICE-тың немесе Америка Педиатрия Академиясының ұсынымдарына жақын болу болжамды мейлінше жақсартады. Болашақ аналарды неонаталды сары аурудың патологиялық ағымының алғашқы белгілері туралы оқыту керек.
Көрген адамдардың саны: 769

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Рақышева Ж.В., Лепесова М.М. Неонаталды кезеңдегі созылмалы саргыштануы ауруының бір жастағы балалардың психо-моторлы дамуына әсері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 45-53.

Авторизируйтесь для отправки комментариев