МИДЫҢ МЕНИНГИОМАСЫНЫҢ МАГНИТТІ-РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯНЫҢ ДИФФУЗИЯЛЫҚ ӨЛШЕМ БЕЙНЕСІНІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Тақырыптың өзектілігі: Диффузияның өлшенген магниттік-резонансты бейнелеу әдісі түрлі тіндердің және мүшелердің құрылымдық күйі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде диффузиялық өлшеу әдісі мен өлшенген диффузия коэффициенті мидың ишемияларын зерттеу, демиелинге ұшыраған аурулар мен жарақаттар туралы ғылыми жұмыстарды қоспағанда кең таралған клиникалық қолданысқа ие болмады.
Жұмыстың мақсаты менингиомалардың әртүрлі нысандарының өлшенген диффузия коэффициентінің мәндерін салыстыру және мидың менигиомаларының қатерлі ісігінің диагностикасында диффузиялық өлшенген магнитті-резонансты бейнелеу әдістерін қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу тәсілі- жалпылай өндіру.Магнитті резонанстық томограммалар диффузиялық бейнелеу бағдарламалары бойынша талданды және Семей консультативтік-диагностикалық орталығында, Семей Ядролық медицина және онкология орталығында және Өскемен қаласының онкология және хирургия орталығында, 2008 - 2014 жылдар кезеңінде зерттелген 53 пациенттің (32 әйел, 21 ер адам) өлшенген диффузия коэффициентері есептелді.
Статистикалық ақпаратты өндіру Microsoft Excel 2010 бағдарламасы арқылы жүргізілді. Барлық өлшемдер теста Колмогорова–Смирнова тексеру арқылы дұрыстығы тексерілген. Алынған деректер сипаттама статистика тәсілі арқылы бағаланған. Салыстырмалы талдау мағынасы есептелген коэффицент диффузиясы U-теста Манна-Уитни арқылы орындалған.
Нәтижелері. Менингиоманың барлық түрлері бойынша өлшенген диффузия коэффициентінің орташа мәндерін талдағанда өлшенген диффузия коэффициентінің орташа мәні: MI менингиомалары үшін 1399,5 ± 154,6 мм2/с болған; MII менингиомалары үшін - 1136,2 ± 150 мм2/с; MIII менингиомалары үшін - 706 ± 73.4 мм2/с.
MI және MII менингомалардың өлшенген диффузия коэффициентін салыстыру кезінде маңызды айырмашылықтар табылмады (p = 0,723). Бірақ MI және MIII, сонымен қатар MII және M3 өлшемдерінің диффузия коэффициентін салыстыру кезінде маңызды айырмашылықтар анықталды (MI / MIII - p = 0.007, MII / MIII - p = 0.0010).
Қорытынды: Магнитті резонансты зерттеу кезінде диффузиялық бейнелеу бағдарламаларын қолдану және өлшенген диффузия коэффициентін есептеу әдістемесі магнитті резонансты зерттеу кезінде инкракраниалды менингиомалардын дифференциалды диагностикалаудың қосымша инвазивті емес әдісі ретінде қолданыла алады.
Көрген адамдардың саны: 484
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Рахимбеков А.В., Адылханов Т.А., Мадиева М.Р., Куанышева А.Г., Белихина Т.И., Раисов Д.Т., Байзакова М.Н., Дюсюпова С.А. Мидың менингиомасының магнитті-резонансты томографияның диффузиялық өлшем бейнесінің диагностикалық мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 84-91.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ