Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
2018 Ж ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖҮКТІ ӘИЕЛДЕРДЕГІ АУЫР СУАЗДЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
Өзектілігі: Перинаталды акушериядағы толық зерттелмеген тараулардың бірі қағанақ суы патологиясы, оның ішінде жүктіліктің екінші жартысындағы қағанақ суының азаюымен,вертикальды қапшықтың - 2см және одан төмен немесе амниотикалық сұйықтық индексінің 5 см төмендеуімен сипаталатын жүктілердің суаздығы. Амнионды сұйықтықты бағалау босануға дейінгі бақылаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сұйықтықтың физиологиялық көлемі жүктіліктің мерзімімен бірге 36-37 аптаға дейін ұлғаяды. Қазіргі заманғы акушерияның перинаталды бағытындағы суаздықтың перинаталды өлімнің жоғары көрсеткішерімен байланысы өткізілгелі отырған зерттеудің өзектілігін дәлелдейді. Зерттеудің мақсаты: суаздықтың ауыр дәрежесінің қауіп факторларын анықтау, суаздық жағдайындағы жүктілік кезінде ұрық жағдайын, босандыру әдістерін және перинаталды нәтижелерді зерттеу. Материалдар мен әдістер: Зерттеу құрылымы – ретроспективті талдау. 2018 жылдың 01.01.мен 31.09. аралығында 3036 босану болды, оның ішінде суаздықпен босану 222 - 7,3% құрады. Жұмыстың талдауы суаздықтың орташа және ауыр дәрежесі бар әйелдердің екі тобын салыстыру болып табылады. Негізгі топқа суаздықтың ауыр дәрежесі бар 24 әйел кірді. Бақылау тобын суаздықтың ортша дәрежесі бар 29 әйел құрады. Зерттеудің мәліметтер базасын және статистикалық көрсеткішерді санау лицензионды SPSS 20.0 бағдарламасымен жүзеге асырлыды. Статистикалық нәтиже үшін Стьюдента критерялары қолданылды Нәтижелер: Медициналық құжаттарды зерттеу барсында екі топта да жүктілікке дейінгі предгравидарлы дайындықтан өтпеген. Анамнезін және жүктілік кезіндегі асқынулар зерделей келе анықталды: жүктілік кезіндегі жедел респираторлы, жұқпалы аурулар негізгі топта –5 (20,8%), бақылау тобында 4(10,3%) кездесті. Жүктілік кезінде гестациялық қантты диабет негізгі топта – 1( 4,1%), бақылау тобында 5(17,2%). Босану преэклампсиямен асқынды негізгі топта 9(37,5%), және 5(17,2%) бақылау тобында. Соматикалық анамнезін зерттеу кезінде негізгі топта анемияның кез келген дәрежесінің жоғарғы көрсеткіші анықталды – 9(37,5%), бақылау тобында 7(24,1%), май алмасу бұзылысы негізгі топта 3(10,3%), бақылау тобында 3(12,5%). Негізгі топтың 7(29,1%) анамнезінде аборт және түсіктер болса, ал бақылау тобында 7(24,1%). Суаздықтың ауыр дәрежесінде ұрықтың босануға дейінгі асқынуларының жоғары пайызы байқалады. Ұрық-плацентарлы қанайналым бұзылысы негізгі топта 5(20,8%), бақылау тобында 4(10,3%). Ұрықтың дамуының кідіруі синдромы негізгі топта 8(33,3%), бақылау тобында 6(20,6%). Интранаталды кезеңде келесідей асқынулар байқалды: меконийдің амнионды сұйықтыққа шығуы негізгі топта 2 (8,3%), және бақылау тобында - 1(3,4%); кардиотокография бағалауымен ұрықтың қауіп жағдайы 12(50%) негізгі топта және 6(20,6%) бақылау тобында сәйкесінше; босану қызметінің әлсіздігі суаздықтың ауыр дәрежелі әйелдерде 1(2,4%) анықталды. Суаздық кезінде опративті босандыру жиіліг 2 есе артық. Негізгі топта қынаптық босану 13(54%), оперативті босандыру 11(46%). Бақылау тобында 12(41%) босану табиғи жолмен, оперативті босану 17(59%). Біздің талдауда перинаталды нәтижелер Апгар кестесімен бағаланды, 5 баллға дейін негізгі топта 5(20,8%), ал бақылау тобында 2(6,8%), 7 баллға дейін негізгі топта 10(41,6%), бақылау тобында 3(10,3%) және 7 баллдан жоғары негізгі топта 9(37,6%), бақылау тобында 24(82,9%) бұл деректер суаздықтың ауыр дәрежесі жаңа туған нәресте жағдайына әсер ететінін көрсетеді. Ауыр жағдайда туған жаңа туғандар нәрестелер реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Қортынды: Сонымен, экстрагенитальды патологиясы бар жүктілік, плацентарлы дисфункция мен ұрық гипоксиясы даму қаупін жоғарылатады, ал ол өз кезегінде қағанақ суының мөлшерінің өзгерісіне әкеліп, суаздықтың ауыр дәрежесі ұрық пен жаңа туған нәрестенің болжамын қиындатады. Суаздықтың ауыр дәрежесі, плацентарлы жетіспеушілік,ұрықтың қауіп жағдайы бар кезде суаздықты ұрық жағдайы үшін жедел босандыруға көрсеткіштерді кеңейтетін, перинаталды жоғары қауіпін ауырлатушы фактор ретінде қарастыру қажет.
Көрген адамдардың саны: 539

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Алипанова А.Ж., Акылжанова Ж.Е., Дернова Т.М., Шалбаева О.И. 2018 ж Павлодар қаласының Перинаталдық орталығы бойынша жүкті әиелдердегі ауыр суаздығының нәтижелерін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 128-134.

Авторизируйтесь для отправки комментариев