Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РОБСОН КЛАССИФИКАЦИЯСЫН ШЖҚ «№1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» КМК ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУДА ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІ КІРІСУЛЕРДІҢ ЖИІЛІГІН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕСТІРУГЕ ҚОЛДАНУ
Кіріспе. Кесар тілігі (КТ) жиілігі жөнінде ДДҰ мәліметтері бойынша сонғы онжылдықта шарықтау шегіне жетіп, экономикалық дамыған елдерде 25-30% құрайтын, әлемдегі ең кең тараған операция болып табылады. [14]. Көптеген мемлекеттерде бір немесе бірнеше КТ операциясынан кейінгі плацентаның жатырға кіріге өсуі, босанудан кейін плацентаның жатыр қуысында қалып қалуы және мүмкін болатын гистерэктомиямен жалғасатын жатыр жыртылуы сияқты кеш асқынуларының жиілігінің жоғарылауына акушер-гинекологтардың алаңдаушылығы артып келеді. [22]. Көптеген мемлекеттерде бір немесе бірнеше КТ операциясынан кейінгі плацентаның жатырға кіріге өсуі, босанудан кейін плацентаның жатыр қуысында қалып қалуы және мүмкін болатын гистерэктомиямен жалғасатын жатыр жыртылуы сияқты кеш асқынуларының жиілігінің жоғарылауына акушер-гинекологтардың алаңдаушылығы артып келеді. [2]. Мақсаты. 3 деңгейлі стационарда кесар тілігі жиілігін азайту жолдарын іздестіру үшін ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» КМК 2018 жылғы жұмысын Робсон классификациясын пайдаланып, ретроспективті талдау. Құралдар мен әдістер. Зерттеу құрылымы – ретроспективті талдау. ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» КМК 2018 жылғы пациенттерінің босану тарихын Робсон классификациясы бойынша ретроспективті талдау және Робсон классификациясына сәйкес оперативті босандыруға көрсеткіштерді талдау. Барлығы 4101 босану тарихы талданды, оның ішінде 2018 жылы оперативті босандыру үлесі 1106 (26,97%) құрады. Зерттеудің мәліметтер базасын және статистикалық көрсеткішерді санау лицензионды SPSS 20.0 бағдарламасымен жүзеге асырлыды. Статистикалық нәтиже үшін Стьюдента критерялары қолданылды. Нәтижелер. ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында» КМК жалпы оперативті босандыруға сәйкес, 2018 жыл бойынша КТ жиілігінің артуы негізінен 3 топқа байланысты болды, олар: жатырдағы кесар тілігі тыртығымен қайта босанушылар 498 (45,03%) №5; гестациялық мерзімі ≤ 36 апталық әйелдер 140 (12,66%) №10; алғашқы босанушылар, жоспарлы КТ немесе индуцирленген босанулар 93 (8,41%) №2. Абдоминалды босандыру төменгі саны жалпы оперативті босандыру санына сәйкес келесідей 3 топта анықталды: жатыр тыртығымен қоса алғандағы, ұрықтың көлденең немесе қиғаш орналасуы бар бір ұрықты жүкті әйелдер15 (1,36%) №9, жамбаспен келген бір ұрықты жүктілікпен алғашқы босанушылар 50 (4,52%)№6, жатырдағы тыртықсыз, гестациялық мерзімі ≥ 37 апта болатын,бір ұрықты жүктілік,ұрықтың баспен келуі, индуцирленген босану немесе жоспарлы КТ 51 (4,61%) №4. Айта кететін жайт Robson классификациясы бойынша келтірілген 10 топтағы босанушалардың ең көп санды үлесін жатырдағы тыртықпен қайта босанушы әйелдер санаты алды 498 (45,03%) №5, ал аз үлесін жатыр тыртығымен қоса алғандағы, ұрықтың көлденең немесе қиғаш орналасуы бар бір ұрықты жүкті әйелдер 15 (1,36%) №9 алды. Қортынды. ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында» КМК жалпы босандыру әдістері құрылымындағы КТ үлес салмағы 2018 жылға 1106 (26,97%) құрады,сонымен қатар осы уақыт ағымында ең жоғарғы динамика жатырдағы тыртықпен қайта босанушы әйелдер тобында байқалды 498 (45,03%) №5. Осыған байланысты, біздің ойымызша, 3 деңгейлі стационарда абдоминалды босандыру үлесінің артуының алдын алу немесе оны төмендету үшін жүктілер мен босанушыларды жүргізу тәсілдемесі өзгертуді қажет етеді. №5 топта КТ жиілігінің төмендеуі абдоминалды босандырудың өсуін тежеудегі сақтық қоры болып табылады, себебі уақыт ағымына сай жатырдағы тыртықпен әйелдер саны артады. КТ жолымен босандырудың санын азайту мақсатында аталған топта, жатыр тыртығы бар әйелдерді табиғи жол арқылы босандыру жиілігін арттыруға күш жұмсау керек. Робсон классификациясы әйелдерді топтар мен топшаларға бөлуді талдауды жеңілдетеді, сонысымен кесар операциясын қолдану аймағы динамикасының өзгеруін және жүктілердің клиикалық сипаттамаларының ерекшеліктерін анықтайды.
Көрген адамдардың саны: 473

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Серикболова Д.Е., Каипова А.С., Акылжанова Ж.Е., Дернова Т.М, Шалбаева О.И. Робсон классификациясын ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» КМК жұмысын бағалауда және оперативті кірісулердің жиілігін азайту жолдарын іздестіруге қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 135-141.

Авторизируйтесь для отправки комментариев