Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ СƏУЛЕЛІ ТЕРАПИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ 3D- ВИЗУАЛИЗАЦИЯ СЫНЫҢ РӨЛІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Кіріспе: Жатыр мойны обыры әлем бойынша онкопатология құрылымында алдыңғы орынды алады және әлем бойынша жиі әйел адамдардың өлімінің себебі болып табылады. Жатыр мойны обырың жергілікті-таралған тиімді емі қазіргі заманның медициналық–әлеуметтің ең маңызды міндеттері болып келеді. Әйел адамдарға жатыр мойны обырының жергілікті-таралған түрі кезінде, стандартты медициналық көмек көрсету- химиотерапияны брахитерапиямен парарельді қолдану арқылы және бір ғана дистанционды терапиядан комбинирленген терапияға дейін дамыған. Компьютерленудің арқасында брахитерапияны жоспарлаудың дамуы бір орында тұрған жоқ. Жұмыстың мақсаты: Жатыр мойны обыры бар науқастарға арналған сәулелі терапияның заманауи жағдайын бағалау туралы сұрақтары бар мақалаларға талдау жасау және жатыр мойны обырының кешенді емінің бағдарламасындағы брахитерапияның және оның визуализациясының рөлін бағалау. Стратегиялық ізденіс: PubMed, Google Scholar электронды базасы және e-library негізгі сөздері арқылы (жатыр мойны обыры, сәулелі терапия, брахитерапия) әдебиеттер тізімі жүзеге асырылды. Мінездеменің мәселелерінің бейнелейтін 84 релевантты жұмыстың шолудағы сипататмасы қабылданды. Нәтижесі: 3D- визуализацияны жоспарлау және брахитерапияны жүргізу кезеңіндегі жатыр мойны обырының кешенді емі бағдарламасында клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша 3D-IGBT-ді қолдануы, аппликаторлардың ығысу қаупі төмендеуі, медициналық персоналдардың және науқастардың жүктемелерінің азаюы, брахитерапияны жүргізу кезеңдерінің жылдамдауы түріндегі клиникалық тиімді шарттарды туғызады. Қорытынды: Осылайша, 3D-жоспарлауын енгізу жатыр мойны обыры бар науқастарда ісіктің көлеміне және ең маңызды мәні ауыр кеш токсикалық әсерінің жоғарлауынсыз клиникалық кезеңіне байланысты болмайтын жергілікті бақылаудың жақсы көрсеткіштерімен қамтамасыз етеді. Жатыр мойны обырының кешенді емдеу бағдарламасындағы брахитерапияның және визуализияның ары қарай зерттеу маңыздылығы бүгінгі күні өзекті мәселе болып қалады.
Көрген адамдардың саны: 559

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Андреева О.Б., Адылханов Т.А., Жабагина А.С., Раисов Д.Т., Уразалина Н.М. Жатыр мойны обырының сəулелі терапия бағдарламасындағы 3D- визуализация сының рөлі. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 5-19.

Авторизируйтесь для отправки комментариев