АСҚАЗАН ОБЫРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІІТІ ФАКТОРЛАРЫНА ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Өзектілігі: Асқазан обыры жыныс ерекшелігіне қарамастан, дүние жүзі обыр дерттемесі бойынша өлім көрсеткіші алдыңғы қатарында. Әдебиеттік шолуда асқазан обырының эпидемиология бойынша соңғы мәліметтері, обыр дамуына қауіп себептерінің сипаттамасы: сыртқы орта ерекшелігі, инфекциялық дерт, жайсыз тамақтану мен өмір сүру салты баяндалған. Сонымен қоса тұқымқуалау ерекшелігі және скрининг бағдарламасы жөнінде қысқаша мәліметтер енгізілген.
Мақсаты: Асқазан обырының алдыңғы қатарлы қауіп себептерінің этиологиясы бойынша әдебиеттік шолу сипаттау.
Ізденіс стратегиясы: Globocan, PubMed, CochraneLibrary,Medscape (Medline), ResearchGate және электронды кітапхана CyberLeninka web-жүйелерінде ізденіс пен ғылыми жарияларымының мәліметтер базасында анализ жасалды. Зерттеу тереңдігі 20 жыл құрайды. 2000 жылдан - 20018 жылдары қосымша 2019 жыл мақалаларыда қарастырылған. Дәлелді медицина құрылымына сай әдебиеттік шолуға: Рандомизирленген қортындылар және үлкен популяциялы когортты зерттеулер (15); мета анализ (14), систематикалық шолу (7). Енгізілмеді: «Кейс-репорт» баяндамалары, есептердің түйіндемесі, жеке хабарламалар мен газет жарияланымдар. Барлығы 119 мақала талданды, олардың 71-і осы шолуда қамтылды.
Нәтижесі: Қазіргі тұжырымдамалар бойынша асқазан қатерлі ісігің бастауыш рөлі негізінде инфекция, қолайсыз экологиялық жағдай, зиянды өмір салты және тұқымқуалаушылық бейімділік болып табылатын ортақ, көп себепті дертке жатады.
Қорытынды: Асқазанның қатерлі ісігін дамуында жеке фактордың рөлің бөліп көрсету мүмкін емес. Жоғары қауіп тобына зиянды тағамдарды тұтынуға және экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда өмір сүруге бағытталған, білім деңгейі төмен және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен жиі созылмалы H.pylorі инфекциясы ауруымен ауыратын адамдар кіреді. Жоғары қауіп тобына ұшыраған адамдар арасында скрининг бағдарламасын жүргізу клиникалық және экономикалық бағытта өзін ақтайды.
Көрген адамдардың саны: 724
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Туляева А.Б., Балмагамбетова С.К., Смагулова Г.А., Изтлеуов Е.М., Койшыбаев А.К., Уразаев О.Н., Айтмагамбетова М.А., Жарылгапов А.Б., Тойманова В.А. Асқазан обырының этиологиясы және қауііті факторларына заманауи көзқарас. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 20-27.Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ