СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДАҒЫ ГЕМОДИАЛИЗ КЕЗІНДЕГІ АЯҚТАЛУЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Өзектілігі. Диализ кезіндегі жоғары деңгейдегі өлім көрсеткіші (жалпы популяцияға қарағанда 6,3-8,2 есеге артық) маңызды қауіп факторларына іздеуге ындаландырады. Осы шолу әдеби мәліметтерді сараптау арқылы созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы гемодиализ кезіндегі аяқталуларға әсер ететін факторларын анықтауға бағытталған.
Іздеу стратегиясы. Ғылыми басылымдарды іздеу Pub Med, Google Scholar, Google Academia, eLibrary.ru, CyberLeninka іздеу системалары арқылы жүргізілді. Тереңдігі 10 жыл. Қосу критерийлері: іздеу тереңдігі 10 жыл (2009-2019); қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар; толық мәтінді эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер. Шығару критерийлері: жануарлар туралы мақалалар, қайталанатын жарияланымдар, конференция материалдары, клиникалық жағдайлар.
Нәтижесі. Әдеби мәліметтерге сүйенсек, гемодиализдегі науқастардың өлім және аман қалу предикторлері болып гемодиализдің дозасы, реттілігі және қалдық бүйрек функциясы саналады.
Қортынды. Алайда, созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы гемодиализ кезіндегі аяқталуларға әсер ететін ең маңызды факторы ретінде қалдық бүйрек функциясы қарастырылады.
Көрген адамдардың саны: 709
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Бодесова С.Б., Султанова Б.Г., Бекенова Н.Б. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы гемодиализ кезіндегі аяқталуларға әсер ететін факторлар // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 28-36.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW