ИНСУЛИНРЕЗИСТЕНТТІЛІК ПЕН МАЙ АЛМАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕНИН – АНГИОТЕНЗИН – АЛЬДОСТЕРОН ЖҮЙЕСІНІҢ ГЕНДЕР ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе: Жиынтығы метаболизмдік синдром деп аталатын, жүрек-қан тамыр ауруларының және асқынуларының даму қаупін жоғарлататын қауіп факторларына инсулинрезистенттілік, дислипидемия, құрсақтық семіздік және артериялық гипертензия жатады. Осы қауіп факторларының өзара қарым-қатынас себептері зерттелуде және осы өзара қарым-қатынаста гендер полиморфизмдерінің рөлі соңғы орында емес.
Мақсаты: Метоболизмдік синдром мен артериялық гипертензия кезінде инмуслинрезистенттілік дамуының молекулярлы – генетикалық негіздері бойынша әдебиеттерді іздестіру.
Мәліметтер мен әдістері: Әдебиеттерді іздестіру PubMed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/), Scopus (https://www.scopus.com/), Ebscohost (https://search.ebscohost.com/), Medline (https://www.nlm.nih.gov/), The Сocrane Library (http://www.cochranelibrary.com/), SpringerLink (https://link.springer.com/), Web of Knowledge (Thomson Reuters) (https://login.webofknowledge.com), Параграф Медицина (https://prg.kz/medicine_info), ScienceDirect (https://www.sciencedirect.com/) базаларында жүргізілді. Іздестіру тереңдігі 1998 мен 2019 жылдар аралығында жүргізілді. Әдебиетті қосу критерийлері: үлкен популяцияларда жүргізілген, рандомизирленген мен когортты зерттеулер туралы есептер; ағылшын, орыс тілдеріндегі мақалалар. Қосымша осы тақырыптағы мақалалардың жүйелі шолулар мен мета – анализдері кіргізілді. Әдебиетті кіргізбеу критерийлеріне жатты: жеке оқиға мен оқиғалар сериясын сипаттаған мақалалар, 1998 жылдан бұрын шыққан мақалалар, дәлелі базасы жоқ материалдар, баяндамалардың резюмелері, тезистер және газет мақалалары. 98 әдебиеттік қайнардан ағылшын тіліндегі 56 мақала осы мақаланың анализдік материалы ретінде алынды.
Нәтижелері: Мақалаларды шолу барысы кез-келген ген полиморфизмінің болуы фенотиптік белгі бермеуі мүмкін, бұл жерде осы гендердің фенотиптік көріністеріне әсер ете алатын ген – ген өзара қарым-қатынасы маңызды.
Қорытынды: осы қызықты да, маңызды гипотезаны мұқият және нақты зерттеу кең тараған күрделі аурулардың себептерін анықтауда пайдалы болуы мүмкін және адамның күрделі ауруларына жауапты гендерді зерттеуде күшті әсер көрсетуі мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 832
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Шаханова А.Т., Аукенов Н.Е., Нуртазина А.У., Шаханов Т.Е., Кожахметова Д.К. Инсулинрезистенттілік пен май алмасуының және ренин – ангиотензин – альдостерон жүйесінің гендер полиморфизмдерінің өзара байланысы. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 50-59.Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ