Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АОРТА-МЫҚЫН СЕГМЕНТІНІҢ ОККЛЮЗИЯ ХИРУРГИЯСЫНДА АСҚЫНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Өзектілігі. Аорто-мықын сегментінің (АМС) окклюзиясымен бірге өмірлік маңызды ағзалардың артерияларының атеросклеротикалық зақымдануы өте жиі ұштасады, және де асқынулар мен өлім-жітімнің дамуына әсер етеді. Емдеу тактикасын таңдау ең күрделі мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты. АМС окклюзиялық зақымдануы бар науқастарды ашық хирургиялық емдеу нәтижелерін жақсарту бойынша шаралар кешенін ғылыми негіздеу. Материалдар мен әдістер. АМС окклюзиялық зақымдануы бар 134 науқастың хирургиялық емдеу нәтижелеріне проспективті рандомизирленген емес клиникалық зерттеу жүргізілді. Барлық пациенттер 2 топқа бөлінді: 1-ші топ - АМС окклюзиясы тұрақсыз ағымы бар 70 науқас, 2-ші топ – 64 пациентке алдын ала өмірлік маңызы бар ағзалардың қосымша патологияларына коррекция жасалған. Сандық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі қолданылды, бір факторлы дисперсиялық талдау, Манна-Уитни, Краскелла-Уоллис критерийі қолданылды. Сапалы белгілерді салыстыру үшін х2 Пирсон, Фишердің дәл өлшемі қолданылды. Асқынулар мен өлім предикторларын талдау логистикалық регрессиясы мен Кокстың регрессиясы көмегімен жүзеге асырылды. Нәтижелер. 1-топтағы науқастарда операциядан кейінгі 30 күндік кезеңде өлім-жітім - 4 (5,7%) жағдайда, 2-топтағы науқастарда – 1 (1,6%) жағдайда. 30 күндік өлім-жітім 1-ші топтағы науқастардың 27,0 күнді (95% ДИ 25,233-28,767), 2 – ші топтағы науқастардың-28,859 күнді (95% ДИ 28,081-29,637), (Log Rank=7,823; p=0,043) құрады. 1-топтағы науқастарда 5 жылдық өлім-жітім 5 (7,7%) жағдайды, 2 – топта-2 (3,3%) жағдайды құрады. 5 жылдық кезеңде науқастардың 1-ші тобында тірі қалуы 56,1 (95% ДИ 52,7-59,5) айды, 2-ші топтағы науқастардың 58,4 (95% ДИ 56,3-60,0) айды (Log Rank=0,834; р=0,361) құрады. Тұжырымдар. Операциядан кейінгі ерте және кеш кезеңде асқынулардың предикторларын түзету 30 күндік өлім-жітімді төмендетеді. 30 күндік операциядан кейінгі кезеңде миокард инфарктісінің дамуы асқынулардың предикторларының түзелуіне және лақтыру фракциясына байланысты, жіті бүйрек жеткіліксіздігі – қандағы креатининнің деңгейіне байланысты; операциядан кейінгі 5 жылдық кезеңде миокард инфарктісінің дамуы асқынулардың предикторларының түзелуіне байланысты, жіті бүйрек жеткіліксіздігі-қан креатининині деңгейіне байланысты, ал тоқ ішектің сол жақ жартысындағы созылмалы ишемия – ішкі мықын артериясының (ІМА) стенозынан, АМС реконструкциясын қайта құрғанда ІМА – ның магистральды қан ағымына антеградты немесе ретроградты қосылуынан; науқастардың 5 жылдық өмір сүруіне асқынулар предикторларының түзелуі және миокард инфарктісі және жедел бүйрек жеткіліксіздігі сияқты асқынулардың дамуы әсер етті.
Көрген адамдардың саны: 491

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Буланов Б.С., Дюсупов А.А., Аужанов Д.Б., Дюсупова А.А., Дюсупова Б.Б. Аорта-мықын сегментінің окклюзия хирургиясында асқынулардың алдын алу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 72-79

Авторизируйтесь для отправки комментариев