Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА Ki-67, P53 БОЛЖАМАЛЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СТАНДАРТТЫ КӨРСЕТКІШТЕРМЕН КОРРЕЛЯЦИЯСЫ
Кіріспе: Қуықасты безі қатерлі ісігі (ҚБҚІ) қазіргі уақытта әлем бойынша ең әлеуметтік маңызы зор онкологиялық аурулардың бірі болып табылады. АҚШ-та, Еуропаның кейбір елдерінде ауыру көрсеткіштері бойынша ҚБҚІ ерлер арасындағы онкологиялық патология құрылымында бірінші орынға шықты [2]. 60 жастан 70 жасқа дейінгі ерлердің 40 %-ға дейінгі мөлшері және 80 жастан жоғары ерлердің 70 %-ы қуықасты безі қатерлі ісігінің әртүрлі сатысымен ауырады. Ауруға шалдыққандардың 50 %-дан астамы дәрігерге әбден асқындырып, Т3-Т4 сатыларында және метастазаларға жеткізіп бір-ақ қаралады [3]. Соңғы онжылдық қуықасты безі қатерлі ісігін анықтаудың жаңа әдістерін іздеумен ерекшеленді. Ғылыми ізденістің ең бір белсенді жүргізілген бағыты қатерлі ісік тінінің пролиферация, апоптоз және неоангиогенез процестерін сипаттайтын аралас молекулярлық-биологиялық маркерлерін зерттеу болды. Алайда молекулярлық-биологиялық маркерлер онкоуролог дәрігердің күнделікті практикасынан әлі де өз орнын тапқан жоқ, себебі олардың емдеудің соңғы нәтижесіне әсерлері туралы деректер жеткіліксіз. Зерттеудің мақсаты: қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттердегі иммуногистохимиялық маркерлердің (Кi 67, Р53) экспрессиясының простатаға тән антиген экспрессиясымен, сілтілі фосфатазамен және қатерлі ісіктің Глисон межелігі бойынша болжамалы факторлар ретінде нақтылануымен үйлесімдіктегі клиникалық маңызын зерттеу. Материалдары және әдістері. Көлденең ретроспективті зерттеу Семей қ. Өңірлік онкологиялық диспансерінің емханасы (қазіргі Семей қ. Ядролық медицина және онкология орталығы) базасында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізілді. Қуықасты безінің қатерлі ісігі анықталған диагнозымен 142 пациент қаралды, олар 71 науқастан тұратын 2 қосалқы топқа бөлінді. Пациенттерді зерттеуге қосудың критериі қан сарысуындағы простатаға тән антиген деңгейінің 10 нг/мл-ден жоғары көлемде анықталуы болды. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу SPSS (Statistical Package for the Social Sciences) бағдарламалар пакетінің көмегімен жүргізілген болатын, Windows-қа арналған 20.0 нұсқасы (Семей қ. ММУ лицензиясы). Пирсон корреляциясының коэффициенті (r) күштің сандық шамасын және зерттелетін екі белгінің арасындағы байланыстардың бағытын білдіретін эквивалент ретінде корреляциялық талдауға негіз болды. Статистикалық талдаудың барлық процедураларында р маңыздылық деңгейі 0,05 (р) тең немесе одан аз деп қабылданды. Нәтижелері. Қуықасты безі қатерлі ісігінің сатылары мен Ki67 экспрессиясы деңгейі арасындағы, қатерлі ісіктің нақтылануы мен Ki-67 деңгейі арасындағы статистикалық маңызды оң корреляция белгіленді. Ki-67 экспрессиясы деңгейі мен оқшауланған лимфа түйіндерде метастазалардың, сондай-ақ қашықтағы метастазалардың болуының арасында статистикалық маңызды күшті оң байланыс, Ki-67 экспрессиясы деңгейі мен сілтілі фосфатаза деңгейі арасындағы орташа күштің оң корреляциялық байланысы, сондай-ақ Ki-67 экспрессиясы деңгейі мен простатаға тән антиген концентрациясы арасындағы күшті оң корреляциялық байланыс анықталды. р53 экспрессиясы деңгейі мен қашықтағы метастазалардың болуы арасындағы (r=0,769; р=0,001), р53 экспрессиясы деңгейі мен бастапқы қатерлі ісіктің көлемі арасындағы (r=0,844; р=0,03) және р53 экспрессиясы деңгейі мен оқшауланған лимфа түйіндерінде метастазалардың болуы арасындағы статистикалық маңызды күшті оң байланыс дәлелденді. Қорытындылар: Жүргізілген зерттеу аясында қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттердегі иммуногистохимиялық маркерлер экспрессиясының (Кi67, Р53) простатаға тән антиген экспрессиясымен, сілтілі фосфатазамен және қатерлі ісіктің Глисон межелігі бойынша болжамалы факторлар ретіндегі нақтылануымен үйлесімдіктегі клиникалық маңызын зерттеудің диагностикалық және болжамалы құндылығы дәлелденді
Көрген адамдардың саны: 580

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Оспанов Е.А., Адылханов Т.А. Қуықасты безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда Ki-67, P53 болжамалы маңыздылығы және олардың стандартты көрсеткіштермен корреляциясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 80-89

Авторизируйтесь для отправки комментариев