АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ КОНТЕКСТІНДЕ ӨКПЕ АУРУЛАРЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе: тұрғындардың тыныс жолдарының ауруларының артуы (ТЖАА): созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы ауруы (ӨСА), мен астманы қоршаған ортадағы атмосфералық ауаның ластануымен байланыстырады.
Мақсаты: Алматы қаласының аспалы бөлшектермен ластануының 2013-2017 жылдар аралығындағы тыныс алу органдарының астма, созылмалы бронхит және ӨСА сияқты ауруларына әсерін анықтау.
Материалдар мен тәсілдер: Эпидемиологиялық зерттеу жүргізуде 2013-2017 жылдар аралығындағы Алматы қаласы тұрғындарының 3 тобы (0-14 жас аралығындағы балалар, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер және 18 жастар асқан ересектер) мен ауадағы аспалы бөлшектер жиынтығының тыныс алу органдары ауруының алғашқы деректері 10 (J00-J99) пайдаланылды. Ауру көрсеткіштері 100 000,0 тұрғынға есептелді. Ретроспективті зерттеу MicrosoftExcel жалпықолданыстағы статистикалық тәсілін қолдана отырып жүргізілді. Барлық сандық деректерді шығаруда орташаквадраттық ауытқулар есептелді, статистикалық ауытқулар Стьюденттің t-критерилері негізінде анықталды, коэффиценттер Пирсонның корреляциясы жолымен есептелді. Ауру мөлшерінің сыртқы өлшемді заттардың ықпалына байланыстылығы мен регрессияның мөлшерін анықтауда бірфакторлы регрессивті талдау пайдаланылды. Күшті түзеткіш байланысты бағалауда Чеддоктың жуықтауды анықтау коэффиценті пайдаланылды.
Нәтижелер: 2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы тұрғындарының тыныс жолдары ауруларына ұшырауы мен осы мерзім аралығындағы ауаның мөлшерлі заттармен улануына қатысты жүргізілген эпидемиологиялық талдау – тыныс жолдары ауруларының алғашқы дертіне ұшырау көрсеткіші 100 000,0 адамға шаққанда 50 947,0 мен 65 301,0 аралығында екенін көрсетті. Барлық жастағы топтар арасындағы аурудың құрылымына көз жүгіртсек – көп бөлігі бронхитке шалдықса, онан әрі пневмания, инфекциялық бронхит, астма, инфекциялық емес бронхит және өкпе обыры болып төмендей береді. Соңғы 5 жыл ішінде тыныс органдары ауруна шалдыққандардың ішінде балалар мен жасөспірімдер саны жартысын құраса, ересектер арасында бұл көрсеткіш 1,5 есе өскен. Астмамен ауыратындар арасында балалар мен жасөспірімдер саны 1,4 есе өссе, ересектер арасында 1,7 есе көбейген. 5 жыл ішінде ӨСА ауратындар саны 2,8 есе көбейген, ересек тұрғындар арасында бұл көрсеткіш 4,1 есе. 2013-2017 жылдар аралығында обырмен ауырғандар саны 4 есеге артқан. Тыныс жорлдарының инфекциялық аурулары көрсеткіші 18 жасқа дейінгілер арасында шамалы төмендеген. Аталмыш мерзім ішінде ауаны өлшеулі заттармен ластау көрсеткіші артып, 1,2 РЕК өқраған. 2013-2017 жылдар арасында Алматы қаласы тұрғындарының тыныс жолдары ауруларына ұшыруы мен қаладағы ауаның ластануы арасындағы байланыс анықталды. Чеддок шкаласы бойынша есептегенде астмаға (Р≤0,05), бронхит, ӨСА-ға ұшырау мен ауаның өлшеулі заттармен залалдануының мөлшерінің тікелей қатыстылығы анықталды. Ауаның ластануымен байланысты нозология сырқатымен аурғандар саны артып келеді.
Қорытынды: 2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы тұрғындарының арасында тыныс алу жолдарының алғашқы сырқаттарына ұшырау деректері арта түскен. Аурудың тұрғындардың барлық топтарының арасында таралуына қарар болсақ, көп бөлігі бронхитке тиесілі. Онан әрі астма, ӨСА мен өкпе обыры тұр. Бронхитпен, ӨСА-мен, астмамен ауыратындардың сандарының артуы мен қаладағы ауа ластануының арасындағы тікелей байланыс анықталды.
Көрген адамдардың саны: 432
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Лю М.Б., Ибрагимова Н.А., Адамбеков Д.А. Алматы қаласы халқының атмосфералық ауаның ластануы контекстінде өкпе аурулары жағдайын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 90-99.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ