ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ТАРАЛҒАН КӨПТІК ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ M.TUBERCULOSIS ШТАММДАРЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанда туберкулез ауруының көрсеткіштері жылдан жылға төмендеуіне қарамастан, дәріге төзімді туберкулездің кең таралуы туберкулезге қарсы күреске қауіп төндіруде. Әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне сәйкес W-Beijing M.tuberculosis генотипі дәрілік төзімділік пен туберкулездің ауыр формаларымен ассоциацияланған. Жұмыстың мақсаты: изониазид пен рифампицинге M.tuberculosis дәрілік төзімділігін анықтайтын katG гені, fabG-inhA, oxyR-ahpC промоторлық аймақтары мен rpoB геніндегі мутациялар спектрін, және 103 мультирезистентті M.tuberculosis клиникалық изоляттарының генетикалық тұқымдастарын сәйкесінше Сэнгер әдісі мен сполиготиптеу әдісімен бағалау және анықтау. Қазақстандағы 103 көптік дәріге төзімді M.tuberculosis штаммдарының арасында сәйкесінше рифампицин мен изониазидке төзімділікті анықтайтын rpoB генінің 531 кодонындағы мутация Ser→Leu (87,4%) және katG генінің 315 кодонындағы мутация Ser→Thr (97%) басымдылық көрсетті. Көптік дәріге төзімді M.tuberculosis штаммдарының 80% көбі ең вирулентті, дүниежүзінде кең таралған Beijing генотипіне жататыны анықталды. Beijing M.tuberculosis тұқымдасының штаммдары Қазақстанда таралған мультирезистентті және дәріге төзімді штаммдар арасында басым.
Көрген адамдардың саны: 445
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ахметова А.Ж., Акильжанова А.Р., Молкенов А.Б., Каиров У.Е., Бисмилда В.Л., Чингисова Л.Т., Кожамкулов У.А. Қазақстан территориясында таралған көптік дәріге төзімді M.TUBERCULOSIS штаммдарының молекулалық сипаттамасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 45-52.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ