ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ КЛИНИКО-МЕТАБОЛИТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: МУЛЬТИОМИКСТІ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАС-АССОЦИАЦИЯЛАНҒАН БИОМАРКЕРЛЕРДІ ІЗДЕУ
Кіріспе: Әр түрлі метаболиттер вариацияларын анықтау аурулар қауіпін болжау мен диагностикалауда, молекулалық патофизиологияны түсінуде, қоршаған орта мен өмір сүру салты әсерін түсінуді интерпретациялауда, сонымен қатар дәрілік препараттарды әзірлеу, олардың тиімділігін, улылығы мен жанама реакцияларын бағалауда қолданыла алады.
Мақсаты: аталған жұмыста мультиомиксті мәліметтер анализі негізінде жас-ассоциацияланған метаболиттік биомаркерлерді анықтау мен сипаттау үшін Қазақстан территориясында тұратын ересек халықтың арасында клиникалық-метаболиттік ерекшеліктерді бағалау жұмыстары өткізілді.
Материалдар мен әдістер: 18 жастан жоғары сау қазақтардың бір мезеттік транс-секциялық зерттеуі. Тым жоғары сұйық хромотография және масс-спектроскопия (Ultrahigh Performance Liquid Chromatography-Tandem Mass Spectroscopy (UPLC-MS/MS) тандемді технологиясы бойынша платформада 60 ұлттары қазақ тұлғалардың қан плазмасының метаболомдық зерттеулері өткізілді. Аталған тұлғалардың клинико-биохимиялық көрсеткіштері де анықталды. Тәжірибелік топтар арасында айтарлықтай ерекшеленген биоқосылыстарды анықтау үшін қажетті логарифмдік өзгертулер мен ANOVA дисперсиялық анализі, екі таңдаулы Уэлч t-тесті анықталды.
Нәтижелері: Жас пен семіздіктің бар болуы мен болмауына байланысты метаболиттік өзгерістер бағаланды. Аминқышқылдары, пептидтер, нуклеотидтер, көмірсулары, кофакторлар мен дәрумендер, ксенобиотиктер, липидті және энергия алмасудың негізгі метаболизм жолдарының 692 түрлі биохимиялық көрсеткіштері анықталды. Қабыну және оксидативті стресс үрдістері бар бірнеше белгілі метаболиттер мен метаболитік жолдардың өзгеруі жас тұлғалар тобымен (стероидогенез (стероидты гормондар биосинтезі) май қышқылдарының алмасуымен байланысты метаболиттер) салыстырғанда 45 жастан жоғары тұлғалар тобында өзгергендігі анықталды.
Қорытынды: Қанның метаболомдық профиль анализі ксенобиотиктер, дәрі-дәрмектер т.с.с ағзаға әсер ететін сыртқы (эндогенді) және ішкі (экзогенді) факторлардың әсерін есепке алуға мүмкіндік береді, бұл оны жас-ассоциацияланған патологиялардың бірігей және келешегі бар клиникалық биомаркерлердің көзі етеді.
Көрген адамдардың саны: 535
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Акильжанова А.Р., Кожамкулов У.А., Рахимова С.Е., Каиров У.Е., Ережепов Д.А., Аскарова Ш.Н., Кушугулова А.Р. Қазақ популяциясының клинико-метаболиттік ерекшеліктері: мультиомиксті мәліметтер негізінде жас-ассоциацияланған биомаркерлерді іздеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 53-67.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ