Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БИОИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ЖАСУША ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СҮЙЕК ТІНДЕРІНІҢ АЗ ЭНЕРГИЯЛЫ ЖАРАҚАТТАРЫН ЕМДЕУДІҢ ПЕРСПЕКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ
Кіріспе: Соңғы уақытта остеогенездің прогениторлы жасушалары болып табылатын аутологиялық мезенхималық бағаналы жасушаларды (МБЖ) пайдалану остеопороздағы және сол сияқты сүйек тіндерінің патологиясындағы сынықтардың баяу синтезделу аймағында репаративті остеогенездің қоздырғышы ретінде қолдану ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, Карнеги Меллон Университетімен (АҚШ) бірлесе отырып, мақсатты көлік платформасы ретінде МБЖ-мен тұрақты байланыстыруға қабілетті остеофильді PBP-f-NHS остеофильдік бисфосфонат полимері жасалды. Бұрын біз in vitro жағдайында полимердің остеокластикалық белсенділікті тежей алатындығын, сонымен бірге ол цитотоксикалық емес және МБЖ-ң остеогендік саралануына әсер етпейтінін көрсеттік. Мақсаты: жедел және созылмалы полимерлі уыттылығын зерттеуге бағытталған клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу, эксперименталды остеопороз аясында кіші зертханалық жануарлардың шынтақ сүйегі сынған жағдайда, остеофильді полимермен жұмыс жасайтын мезенхималық бағаналы жасушалардың жергілікті трансплантациясының қалпына келу әлеуетін бағалау. Әдістер: Остеофильді полимермен модификацияланған МБЖ-ң қолданудың клиникалық тиімділігін растау үшін, in vivo зерттеулерінде эстрогенге тәуелді остеопорозпен индукцияланған егеуқұйрықтардағы сыну моделін жасау арқылы зерттеулер жүргізілді. Остеофильдік бисфосфонат полимерінің жедел және созылмалы уыттылығын зерттеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» зертханасында негізінде жүргізілді. Нәтижелер: Экспериментальды эстрогенге тәуелді остеопороздың экспериментальды эстрогенге тәуелді остеопорозы аясында шынтақ сүйегі сынуы аймағындағы сүйек тығыздығының өзгеру динамикасының өмірлік талдауы модификацияланған 4 есе полимер МБЖ трансплантацияны алған жануарлар тобында шынтақ сүйегінің остеотомиясынан 4 апта өткеннен кейін сүйек тығыздығының 27% жоғарылауын көрсетті. Тірі кезінде бақылаудың нәтижелері жіліктің сыну аймағының гистологиялық препараттарын өлімнен кейінгі талдау арқылы расталды. МБЖ-ң интерстициальды таралу динамикасын зерттеу жасуша препаратының жергілікті инъекциясынан кейін кем дегенде бір апта ішінде сүйек ақауы аймағында трансплантация жасушаларының болуын көрсетті. Клиникаға дейінгі биологиялық қауіпсіздік зерттеулерінің нәтижелері жедел және созылмалы полимерлі уыттылықтың жоқтығын көрсетті. Қорытынды: Алынған мәліметтер екі функционалды тобы бар - бисфосфонат және гидроксисукцимид,остеофильді полимермен модификацияланған МБЖ-ң жасушалық терапиясын қолдануға негізделген ұсынылған мультипликативті тәсіл, остеопорозға байланысты сүйек тінінің жарақаттануы репаративті остеогенезді ынталандырудың қауіпсіз және тиімді әдісі деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Көрген адамдардың саны: 397

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сафарова (Янцен) Ю.И., Олжаев Ф.С., Умбаев Б.А., Еркебаева А.С., Каренкина А.С., Котов И.В., Russell A.J., Аскарова Ш.Н. Перспективные подходы лечения низкоэнергических травматических повреждений костной ткани с использованием методов биоинженерии и клеточной терапии // Наука и Здравоохранение. 2019. 5 (Т.21). С. 68-80.

Авторизируйтесь для отправки комментариев