Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЗ ДОЗАЛЫ РАДИАЦИЯҒА ҰШЫРАҒАН УРАН ӨНЕРКӘСІБІ ЖҰМЫСШЫЛАР КОГОРТТАСЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ҚАУПІН БАҒАЛАУ. ХАБАРЛАМА II
Мақсаты: Уран өнеркәсібі жұмысшыларының арасында жұмыс уақытының ұзақтығына және радиациялық жиынтық мөлшеріне байланысты созылмалы соматикалық аурулардың даму қаупін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: Уран өнеркәсібі қызметкерлерінің соматикалық ауруларының жиілігіне және даму қаупіне теріс техногендік факторлардың ұзақ әсеріне ұшыраған тұлғалар арасында когорттық ретроспективті зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеуге Степногорск тау-кен-химиялық комбинатының (CТКХ) А тобынан 356 адам және бақылау тобына тиесілі 507 жұмысшы қатысты. Зерттеу нәтижелеріне статистикалық талдау IBM SPSS Statistics 20 бағдарламалық өнімі және Microsoft Excel бағдарлама көмегімен жүзеге асырылды. Зерттеу мәліметтерін талдау үшін статистикалық зерттеудің келесі өлшемдері мен әдістері пайдаланылды: Пирсонның Хи-квадраты, корреляциялық талдау. Зерттеу нәтижелері: Алынған нәтижелер негізгі топтың қызметкерлері арасында созылмалы аурулардың жоғары таралуын, сондай-ақ жинақталған жалпы дозамен және иондаушы сәулелену көздерімен тәжірибемен байланысын анықтады. Эндокриндік және жүйке жүйесі, көз, құлақ, қан айналымы, ас қорыту және тері ауруларының шамадан тыс салыстырмалы қаупі анықталды. Эссенциалды артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы ұсынылған жүрек-қан тамыр патологиясы уран өнеркәсібіне тән болды. Қорытынды: Зерттелген жұмысшылар тобында аурулардың таралуы кәсіпорындағы жұмыс ұзақтығына, қан айналымы жүйесі, ас қорыту, көз және жүйке жүйесі ауруларына радиациялық дозаға байланысты екендігі анықталды. Қан айналым жүйесі, жүйке, эндокриндік жүйелер, құлақ, тері ауруларын кәсіби түрде анықтауға болады.
Көрген адамдардың саны: 452

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Қазымбет П.Қ., Джанабаев Д.Д., Сайфулина Е.A., Кашкинбаев Е.T., Ибраева Д.С., Хусаин Ш.К. Аз дозалы радиацияға ұшыраған уран өнеркәсібі жұмысшылар когорттасындағы соматикалық аурулардың қаупін бағалау. Хабарлама II //Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 81-87.

Авторизируйтесь для отправки комментариев