Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МҰНАЙӨНДІРУШІ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ АУРУДЫҢ ТАРАЛУЫ
Бұл мәселенің өзектілігі химиялық заттардың (көмірсутек қосылыстарының қоспасы, газдануы), иондаушы радиацияның,сондай-ақ ауыр физикалық жүктеменің, өндірістік шудың, дірілдің, қолайсыз климаттық факторлардың әсеріне ұшырайтын, еңбектің қолайсыз жағдайлары мен кеш диагностиканың салдары ретінде орташа және айқын көріністері бар өндірістік-шартты аурулардың дамуына ықпал ететін қызметкерлер санының артуы болып табылады. Зерттеу мақсаты: кәсіптік-негізделген факторлардың әсер ету ұзақтығына байланысты мұнай өндіру өнеркәсібі жұмыскерлерінде аурулардың таралу деңгейін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: мұнай өндіру өнеркәсібі қызметкерлерінің соматикалық ауруларының жиілігіне және даму қаупіне байланысты теріс техногендік факторлардың ұзақ мерзімді әсеріне ұшыраған тұлғалар арасындағы когорттық ретроспективті зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу 2024 адамды қамтиды, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ – 1073 негізгі топ қызметкерлері және 951 қызметкер бақылау тобын құрайды. Сандық материал вариациялық статистика әдісімен шағын іріктеуді және табуды есепке ала отырып өңделді: орта арифметикалық (М), орташа қатені (m), кейіннен Стьюдент бойынша T және Р анықтылық критерийлерін белгілеумен өңделді. Барлық келтірілген талдаулар үшін айырмашылықтар р < 0,05 мәнділік деңгейінде дұрыс деп саналды, мұнда ең төменгі нақтылық 95% құрады. Зерттеу нәтижелері: негізгі топтағы экстенсивті көрсеткіштерді есептеу қызметкерлер арасында аурулардың таралу құрылымында едәуір үлес сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін ауруларына (15,8%), эндокриндік жүйе ауруларына (13,5%), сондай-ақ жүйке жүйесі ауруларына тиесілі екендігі (13,3%) анықталды. Бақылау тобында келесі топтардың аурулары жетекші дәрежелерді құрайды: жүйке жүйесінің аурулары (15,7%), эндокриндік жүйенің аурулары (14,3%) және қанайналым жүйесінің патологиясы (13,8%). Аурулардың барлық топтары бойынша аурудың ең жоғары таралуы 100 қызметкерге шаққанда 60-69 жастағы топтарда – 394,3, ал ең төменгісі – 20-29 жас тобында – 178,9 құрады. Негізгі топ қызметкерлері арасында аурулардың таралуы барлық жас кезеңдерінде бақылау тобындағы аурулар жиілігінің көрсеткіштерінен 2,2 есе асып түсті. Жұмыс өтілі эндокриндік жүйе, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, сүйек-бұлшықет, несеп-жыныс жүйесі аурулары бойынша кәсіпорын қызметкерлері арасында аурулардың таралу жиілігіне айтарлықтай әсер етеді. Қорытынды: негізгі топтағы аурушаңдық құрылымында бірінші дәрежелі орындар зат алмасудың бұзылуына, сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тінінің ауруларына, жүйке жүйесінің, эндокриндік жүйенің ауруларына тиесілі. Алынған деректер, мұнай өндіру өнеркәсібі қызметкерлерінің өндірістік ортаның зиянды факторларымен ұзақ кәсіби байланысы эндокриндік, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, сүйек-бұлшық ет және несеп-жыныс жүйесінің аурулары сияқты нозология топтары бойынша аурулардың таралуына айтарлықтай әсер ететінін куәландырады
Көрген адамдардың саны: 592

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Жаңабаев Д.Д., Ілбекова Қ.Б., Кашкинбаев Е.Т., Бахтин М.М., Ыбраева Д.С., Хусаин Ш.К., Шарипов М.Қ., Қазымбет П.Қ. Мұнайөндіруші өнеркәсіп жұмысшыларының аурудың таралуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 88-102.

Авторизируйтесь для отправки комментариев